80-летний юбилей Великой Победы широко отметили в Жамбылской области. Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев принял участие в церемонии возложения цветов к Вечному огню в парке Победы имени Бауыржана Момышулы.
Тараз қаласындағы мүгедектігі бар жастар ұйымы мүмкіндігі шектеулі жастар үшін үміт пен мүмкіндіктің орталығына айналды. Ұйым жан-жақты қолдау көрсетіп қана қоймай, оңалту мен әлеуметтік бейімдеудің озық тәсілдерін енгізу арқылы жастардың өзін-өзі дамытуына және толыққанды өмір сүруіне жол ашуда. Толығырақ алдағы сюжетте
«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы – отбасы институтын нығайту, ананың рөлін ұлықтау және жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында жұмыс істейтін бірегей әлеуметтік-мәдени мекеме. Орталық жанұялық тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар, кездесулер мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген орталық жайлы толығырақ алдағы сюжетте
Өңір халқының діни сауаттылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы Достық үйінде дін саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған екі күндік оқыту семинарын өткізуде. Семинар бағдарламасы бірқатар маңызды тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтыды.
Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және 11 мамыр – Аналар күніне арналған «Қайсар рух, адал еңбек» атты рухани-танымдық кездесу кеші өтті. Толығырақ шараға қатысып қайтқан әріптесім Қарақат Пәрімбек тарқатып айтад.
Таразда Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды. Мәдениет ошағының лентасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай салтанатты түрде қиылды. Ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және өңір тұрғындары қатысты. Қонақтар мұражайды аралап, тау тұлғаның өмір жолы мен қаһармандық бейнесін, сондай-ақ соғыс жылдарындағы ерлік шежіресін тамашалады.
Ұлы жеңістің 80ж мерейтойы Жамбыл өңірінде кең көлемде аталып өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Сегодня в Жамбылском районе на высоком уровне отметили сразу два знаменательных события. Жители стали свидетелями торжественного собрания, посвященного 7 мая – Дню защитника Отечества и 80-летию Великой Победы. Подробнее о торжественном мероприятии под названием «Моя гордость – моя Родина» – в следующем сюжете.
В Меркенском районе Жамбылской области состоялось масштабное торжественное мероприятие, посвященное сразу двум значимым датам в истории страны – Дню защитника Отечества и 80-летию Великой Победы. Праздник стал ярким выражением патриотического духа и национального единства. На площади были установлены украшенные в национальном стиле юрты, накрыты щедрые дастарханы.
В преддверии 80-летия Великой Победы и Дня защитника Отечества, в здании районного совета ветеранов открылись тематические кабинеты, посвященные участникам боевых действий в Афганистане, Таджико-Афганском конфликте, Карабахском противостоянии и ликвидаторам аварии на Чернобыльской АЭС. В честь этого события состоялась торжественная церемония перерезания ленты.