Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелерін сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы өтініш білдірді.
Қазақ жерінің ежелгі астанасы, бай мұрасы мен рухани қазынасына толы Тараз қаласында ерекше мәдени күн өтті. Алматыдан «Алатау» дәстүрлі өнер театры гастрольдік сапармен келді.
Әлем тарихындағы ең маңызды күндердің бірі — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты мәдени іс-шара Тараз қаласында өтті. 9 мамыр – адамзат шежіресіне мәңгілікке жазылған күн. Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, бірлік пен бейбітшілікке деген ұмтылыстың, сондай-ақ азаттық үшін төленген орасан зор құрбандықтардың символы.
Бүгін Тараз қаласында «Минералды тыңайтқыштар зауыты» акционерлік қоғамының 75 жылдық мерейтойы мен Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке жаңғыртылған қалалық мәдениет үйі – Ықылас Дүкенұлы атындағы өнер ордасында ұйымдастырылып, зауыт қызметкерлері, сала ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерін бір шаңырақ астына жинады.
Жамбыл облысында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында, трансшекаралық табиғи өрттерді сөндіруге, жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге және өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кешенді тактикалық-арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Шараға Қырғызстанның ТЖМ өкілдері, жергілікті билік, ерікті өрт сөндірушілер, орман және медицина қызметкерлері, полиция, шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты. Толығарақ алдағы бейнематериалда.
Сегодня состоялся торжественный Гала-концерт и церемония награждения победителей I этапа ХХ-го Республиканского фестиваля-конкурса детского творчества «Жулдызай». Мероприятие, приуроченное к 20-летнему юбилею фестиваля, прошло при участии артистов Жамбылской областной филармонии имени Кенена Азербаева. Детали в сюжете!
В этом году исполняется 180 лет со дня рождения выдающегося мыслителя, великого поэта Абая Кунанбаева. В связи с этим в Меркенском районе состоялся акустический вечер в необычном формате, под открытым небом
В честь профессионального праздника работников культуры и искусства студия Таразского молодежного театра при городском Доме культуры представила зрителям свою первую постановку.
Департаментом полиции Жамбылской области за 4 месяца текущего года проводится ряд мероприятий по обеспечению дорожной безопасности и предупреждению дорожно-транспортных происшествий. Однако количество ДТП не уменьшается, а растёт. Так, показатель произошедших аварий составил 19,8%. А число получивших телесные повреждения достигло 20,5%. Об этом сегодня на пресс-конференции сообщили ответственные специалисты.
Для 85 жителей города Каратау и Таласского района Жамбылской области следующие десять дней пройдут в условиях учебно-боевых действий. Так в регионе бригадой территориальной обороны Жамбылской области начато тактико-специальное учение, которое пройдет под общим руководством акима области.