24 Окт 2025, Пт

Жамбыл жаңалықтары

УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНУ: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Шу ауданы Төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері өрт сөндірушілер, жергілікті полиция қызметі, газ шаруашылығы және «Шу аудандық электр жүйелері» қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, улы газдың адам өмірі мен денсаулығына келтіретін қатері және одан қалай сақтану керектігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

2024 жылы AMAKIDS орталығының оқушылары мен ұстаздары Катардың Доха қаласында өткен олимпиадаға қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті. Осы жетістіктерді атап өту мақсатында, Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында орталық үлкен шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Орталықтың ұйымдастырған шарасы балалардың жетістіктерін атап өту мен олардың зияткерлік дамуын қолдаудың маңызды көрінісі болды. Катардағы олимпиадада жеңіске жеткен оқушылар мен ұстаздардың табыстары – ментальді арифметика бағдарламасының тиімділігін айқын көрсетеді. Алғыс айту күні мерекесі аясында өткен шара балалардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, болашақтағы үлкен жетістіктерге жол ашты. Осылайша, білім беру орталығы тек білім беру саласында ғана емес, рухани құндылықтарды ұстану мен баланың әлеуетін толық ашуда да маңызды рөл атқаруда.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық мәслихат депутаты Фарида Жүнісованың төрағалығымен  өңірдің денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға  денсаулық сақтау басқармасының басшылық құрамы және медициналық мекемелердің жетекшілері қатысты.Кеңейтілген кеңесте өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, кадр тапшылығы және саладағы басқа да маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Толығырақ тілші материалында.

РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру барысында жол ережелерін өрескел бұзу деректеріне, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда.

ТАРАЗДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Тараздағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында ашық волейбол турнирі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарысқа қала мен облыстың түрлі мекемелерінен сегіз команда қатысты. Қызу тартысқа толы турнир жайлы толығырақ алдағы сюжетте.

РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ КОЛЛЕГИИ ПО ВОПРОСАМ СОЦИАЛЬНОЙ СФЕРЫ

Расширенное заседание коллегии по вопросам социальной сферы прошло под председательством заместителя акима Жамбылской области Серика Салемова. В ходе заседания были подведены итоги работы в социальной сфере региона и рассмотрены планы на будущее.  Участие в ней  приняли  руководители управлений и представители ответственных учреждений, которые отчитались о проделанной работе в сферах образования, здравоохранения, социального обеспечения и других актуальных вопросах. Кроме того, были обсуждены новые проекты и инициативы, направленные на улучшение благосостояния населения. Подробнее смотрите в следующем сюжете.

ПИСАТЕЛЬ И ЧИТАТЕЛЬ

В Жамбылском районе прошел вечер, посвященный творчеству писателя и журналиста Марата Кулибаева в целях пропаганды детской и молодежной литературы. На мероприятие собрались почитатели его таланта и любители литературы.

В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК ПЫТАЛСЯ СБЕЖАТЬ ОТ ПОЛИЦИИ ЗА РУЛЕМ АВТОМОБИЛЯ

В ходе проведения профилактических мероприятий в Рыскуловском районе сотрудники полиции попытались остановить автомобиль с иностранным номером. Однако водитель автомобиля марки «Honda Odyssey», не подчиняясь законным требованиям полицейских, попытался от них скрыться.

АССАМБЛЕЕ НАРОДА КАЗАХСТАНА — 30 ЛЕТ

В выставочном зале учреждения » Қоғамдық келісім » управления информации и общественного развития акимата Жамбылской области состоялось торжественное открытие выставки «История и достижения Ассамблеи народа Казахстана», посвященной 30-летию АНК. На выставке вниманию посетителей были представлены около 40 исторических фотографий Ассамблеи народа Казахстана, архивные документы, связанные с созданием этнокультурных объединений, книги и коллекции, изданные за 30 лет, а также сувениры, привезенные представителями этнокультурных объединений с исторической родины.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемовтың төрағалығымен әлеуметтік сала мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі әлеуметтік бағыттағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар қаралды. Кеңеске сала басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша есеп берді. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте