16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ВИЗИТ МИНИСТРА ПРОСВЕЩЕНИЯ РК В ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН

Сегодня Жамбылскую область с рабочим визитом посетила Министр просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова. Делегация Министерства, в составе которой также были заместитель акима Жамбылской области Серик Салемов, депутаты Мажилиса Парламента и представители ведомства, осмотрела объекты образования в Жамбылском районе и обсудила ряд актуальных вопросов. Подробнее – в нашем материале.

ӘСКЕРИ БАЙЛАНЫСШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қазақстан Қарулы Күштерінде Әскери Байланысшылар күні — әскерлерді сенімді және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Оларсыз ешбір операция, оқу-жаттығу өтпейді. Өз мерекесін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланысшылары да әрдайым жауынгерлік постта қарсы алады.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Тараз қаласындағы №64 орта мектепте «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі: отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында тәжірибелік сағат өтті. Шараның мақсаты – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық тараптардың ортақ жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру болды.

БУЛЛИНГ ПЕН СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде буллинг пен суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу орнында тұрақты профилактикалық шаралар ұйымдастырылады. Толығырақ алдағы сюжетте!

«HALYQ ZANGERI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысының барлық аудандарында, соның ішінде Тараз қаласындағы «Март» сауда орталығында «HALYQ ZANGERI» республикалық акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа тегін заң көмегін көрсету және түрлі әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге қолдау көрсету болды.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА САПАРЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді. Сапар барысында министрлік делегациясы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Парламент Мәжілісінің депутаттары және ведомство өкілдері Жамбыл ауданындағы білім беру нысандарын аралады және бірқатар мәселелерді талқылады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

Қазақстанда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды. Бұл ауқымды акцияның мақсаты — заңмен белгіленген мерзімде төленбеген әкімшілік айыппұлдарды міндетті түрде өндіріп алу және азаматтардың жауапкершілігін қамтамасыз ету. Толығырақ алдағы сюжетте.

МЕЙІРІМ МЕН СЕНІМ — БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАЛҚАН

Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда құқықтық және психологиялық түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мектеп ұжымы құқық қорғау органдарының ұсыныстары негізінде оқушыларға заңмен қорғалатын құқықтары туралы толық ақпарат беріп, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасауда.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемовтың төрағалығымен Жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөнінде штаб отырысы өтті. Аймақ басшылығы жастар мен тұрғындар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-идеологиялық жұмыстың қорытындысын шығарды.

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Таразда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан және Заң мен тәртіп — әділетті қоғам» тақырыбында кең ауқымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.