Кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан Құрылысшылар Одағы» басшылығының өңірлік құрылыс саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған көшпелі кеңесі өтті. Іс-шараға Одақ өкілдері, өңір кәсіпкерлері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Күні кеше «AMANAT» партиясы жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы басшысы Қанат Әубәкіров, сондай-ақ «Zhambyl Invest» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Қайранов қатысты.
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды: «Заң мен тәртіп» керуені үш ауданды қамтыды
Қордай ауданында Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені аясында аудан әкімдігі, прокуратурасы және полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен кең көлемді форум өтті.
Іс-шараға мектеп және колледж директорлары, педагогтар, психологтар, ата-аналар комитетінің мүшелері, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Форумда аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков сөз сөйледі.
Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов құқық қорғау органдары мен тұрғындардың өзара ықпалдастығының маңызын атап өтті.
«Qazaqstan Dauiri» газетінің бас редакторы, Қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы құқықтық мәдениет тек заңмен ғана емес, қоғамның оған деген көзқарасымен қалыптасатынын айтты. – Күшті қоғам – заңға формалды емес, саналы түрде қарайтын қоғам. Құқықты құрметтеу – тұрақтылық пен дамудың негізі, – деп атап өтті ол.
Керуен барысында тұрғындар мамандарға түрлі өтініштерімен жүгініп, заң аясында нақты кеңестер алды. Масанчи ауылында өткен қабылдауға келушілер қатары көп болды.
Тұрғындар көп жиналып, белсенді қатысты: көпшілік құқықтық мәселелер, әлеуметтік кепілдіктер, жер мәселелері және әкімшілік рәсімдер бойынша жүгінді.
Жалпы, «Заң мен тәртіп» керуені Жамбыл облысының үш ауданын қамтып, 10 мыңға жуық тұрғынды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етті.
Молодежь – ключевой ресурс Ассамблеи народа Казахстана. В Таразе состоялась встреча, посвященная формированию кадрового резерва и повышению гражданской активности молодых лидеров. Диалог, прошедший в рамках реализации целей Республиканского общественного объединения «Ассамблея жастары», объединил представителей власти и самых активных молодых людей региона. В мероприятии приняли участие аким района Жибек Жолы Карлыгаш Аралбекова, председатель РОО «Ассамблея жастары» Тимур Джумурбаев, а также активисты районных и областных молодежных объединений Ассамблеи и представители СМИ.
Сегодня подведены итоги масштабного двухдневного мероприятия, посвященного 30-летию Ассамблеи народа Казахстана , – республиканского проекта АНК «Школа лидеров». Основная цель проекта заключалась в формировании молодых людей как личностей, повышении их гражданской активности и подготовке кадрового резерва молодых лидеров, способных эффективно работать в сфере межэтнических отношений. Подробнее – в сюжете моего коллеги.
Жамбылский политехнический колледж делает уверенный шаг в будущее. В 2026 году на базе учебного заведения будет открыта современная лаборатория по искусственному интеллекту, которая позволит готовить специалистов нового поколения. Реализация проекта стала возможной благодаря привлечению крупных китайских инвесторов, что знаменует собой новый этап международного сотрудничества в сфере технического образования.
В Таразе стартовала масштабная правовая акция «Правовой вектор», организованная в рамках реализации принципа «Заң мен Тәртіп». Инициатива, которую провел первый заместитель прокурора области Азамат Куренкей совместно с представителями уполномоченных органов, направлена на повышение правовой грамотности населения и оперативное решение насущных проблем горожан. Отметим что на акции присуствовала аким района Жибек Жолы Карлыгаш Аралбекова.
Бүгін Тараз қаласында жас көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға және олардың азаматтық белсенділігін арттыруға арналған кездесу өтті. «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мақсатын іске асыру аясында өткен бұл диалог билік өкілдері мен өңірдің ең белсенді жастарын біріктірді. Іс-шараға Жібек Жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, сондай-ақ Ассамблеяның аудандық және облыстық жастар бірлестіктерінің белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгін екі күнге созылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ауқымды іс-шара – Қазакстан Халқы Ассамбеля республикалық «Көшбасшылар мектебі» жобасы қорытындыланды. Жобаның негізгі мақсаты – жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және этносаралық қатынастар саласында тиімді жұмыс істей алатын жас көшбасшылардың кадрлық резервін дайындау болды. Толығырақ әріптесімнің сюжетінде.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі жарқын болашаққа тағы бір батыл қадам жасады. 2026 жылы оқу орнының базасында заманауи жасанды интеллект зертханасы ашылып, жаңа буын мамандарын даярлаудың орталығына айналмақ. Бұл бастама ірі қытайлық инвесторлардың қолдауы арқылы жүзеге асып отыр.