16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ТАРАЗДА ОБЛЫСТЫҚ «ПЕДХАКАТОН» ӨТТІ

Күні кеше Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №66 орта мектебінің базасында мектеп директорларының өз аймақтарында кездесетін өзекті мәселелерін анықтауға, талдауға және шешуге бағытталған командалық жұмысқа тарту мақсатында облыстық ПЕДХАКАТОН өткізілді. Толығырақ әріптесімнің сюжетінде.

СЕҢГІРБАЙ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Жамбыл ауданында биыл соңғы болып, шалғайда орналасқан Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат және Сеңгірбай ауылдарына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары толық аяқталды. Осы жұмыстардың аясында Сеңгірбай ауылына табиғи газ берілді.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ

Тараз қаласының алдағы үш жылдық бюджеті нақтыланып, даму жоспары бекітілді. Бүгін шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы өтті. Жиында экономикалық болжамдар мен әлеуметтік маңызы бар бірқатар шешімдер қабылданды.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Кеңесте аймақтағы жастар саясатының іске асу барысы және жастар ресурстық орталықтарының жұмыстары қаралды.

ШӨЛДАЛА АЛҚАБЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Білім – шекарасыз, ал сапалы білім – қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында заманауи білім ошақтары бой көтеруді жалғастыруда. Бүгін Тараз қаласының Шөлдала тұрғын алқабында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. Орта білім беретін №70 мектептің салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты.

АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛУДА

Жамбыл ауданында жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Бірер күн бұрын басталған толассыз қарды тазалау мақсатында коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге кірісіп,  көшелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Бүгінгі таңда еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Талас ауданына қарасты Қараой ауылында осы мақсаттағы ауқымды жұмыстар нәтижесін берді. Қайтарылған активтердің тиімді жұмсалуының арқасында, ауыл халқы көптен күткен тіршілік нәріне қол жеткізді. Бұл оқиға – мемлекет пен халық мүддесінің тоғысқан сәті, әрі тұрақты дамуға жасалған маңызды қадам.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Жібек жолы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін шаруа қожалықтары өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Іс-шара Жалпақтөбе ауылындағы Мәдениет үйінде өткізіліп, оған шаруа қожалықтарының басшылары мен сала мамандары қатысты. Жиында агросаланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Кездесудің негізгі мақсаты – шаруалардың мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділік пен жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, өзара ынтымақтастықты күшейту болды.

ТАРАЗДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығының дамуы бойынша арнайы брифинг өткізді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбат аясында шаһар басшысы қаламызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен әлеуметтік желілерде көтерілген бірқатар нысандарға қатысты нақты түсініктеме де берді.Толығырақ алдағы сюжетте.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Жамбыл облысының көлік инфрақұрылымы ауқымды жаңғыртудың алдында тұр. Бүгін Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Жанібек Тайжанов өңір тұрғындарымен кездесіп, ұлттық маңызы бар басты жобалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Мақсат – халықты толғандырып отырған мәселелерді тиімді шешу және тасымал сапасын арттыру.