Бүгін «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс III конференциясы өтті. Жиында 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарлама қаралып, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынылды. Конференцияға облыстың аудан, қалаларынан сайланған делегаттар қатысты. Мандаттық комиссияның мәліметінше, барлығы 103 делегат сайланып, оның 92-сі отырысқа қатысты.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде. Бүгін оқу орнына Ресей делегациясы арнайы келіп, колледждің тыныс-тіршілігімен танысты. Тараптар білікті маман даярлауда тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыруды талқылады.
Республика күні қарсаңында Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында мерекелік салтанатты жиын өтті. Ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтайтын айтулы шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады.
Таразский городской филиал партии «Әділет» совместно с Департаментом по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области организовал встречу молодых спасателей и наставников с молодежью города, приуроченную ко Дню спасателя.
Сохранение религиозной стабильности, повышение религиозной грамотности населения и передача национального духовного наследия следующим поколениям — одни из важных направлений государственной политики. В этой связи мечети имеют большое значение не только как места совершения религиозных обрядов, но и как центры просветительской деятельности. Мечеть Абдикадыра в Таразе — одно из духовных мест, история которого уходит в глубь веков. Возведённый более века назад комплекс и сегодня сохраняет своё значение как исторический памятник и центр религиозного просвещения.
Таразда құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай тағылымды жүздесу өтті. «Әділет» партиясының қалалық филиалы мен Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған бұл шарада жас құтқарушылар мен ардақты тәлімгерлер шаһар жастарымен бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, құтқарушы мамандығының маңызы мен жауапкершілігін ұғындыру.
Діни тұрақтылықты сақтау, халықтың діни сауатын арттыру және ұлттық рухани мұраны ұрпаққа жеткізу — мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте мешіттердің діни рәсімдер өткізетін орын ғана емес, ағартушылық қызмет атқаратын орталық ретіндегі маңызы зор. Тараз қаласындағы Әбдіқадыр мешіті — тарихы тереңнен бастау алатын рухани орындардың бірі. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген бұл кешен бүгінде тарихи ескерткіш ретінде де, діни білім беру орталығы ретінде де маңызын жоғалтқан жоқ.
Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау науқаны қарсаңында өндірістік орындардың дайындығы пысықталуда. Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова бастаған жұмыс тобы «Тараз қант зауыты» аумағын аралап, қант қызылшасын қабылдау науқанының барысымен танысты. Қант қызылшасын қабылдау жұмыстары алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.
Меркі ауданында қант қызылшасын жинау науқаны қарқын алды. Биыл ауданда тәтті түбір өсіруге 3 410 гектар жер бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға артық. Қазіргі таңда алқаптарда жиын-терін жұмыстары жүргізіліп, шаруалар өсірген өнімін жинауға кіріскен.
В родной край вернулся жамбылский борец Юсуф Ашрапов, который достойно защищал честь нашей страны и одержал блестящую победу на чемпионате мира среди спортсменов до 23 лет (U23) в Лас-Вегасе (США). В международном аэропорту города Тараза триумфатора, не оставившего шансов соперникам на мировом первенстве, с особой теплотой и большими овациями встретили родные, спортивная общественность и преданные болельщики. Подробности — в материале моей коллеги.