Меркі ауданында жеміс жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірін басқарып отырған Бақтияр Затілдаев шетелдік жеміс ағаштарын жергілікті климатқа бейімдеп, рекордтық өнім алуда. Мұнда өсірілген кейбір шабдалылардың салмағы тіпті 800 грамға жуықтайды.
2023 жылдың қыркүйек айында Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Осы уақыттан бері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндірістік әлеуетін арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту негізгі міндеттер қатарынан орын алды. Үш жыл ішінде өңір қандай нәтижелерге қол жеткізді? Толығырақ әріптесім Мадина Берденқұл тарқатады.
Таразда жылыту маусымына дайындық пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды профилактикалық рейд өтті. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған бұл іс-шара тұрмыстағы өрт оқиғаларының алдын алуға және балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым жағдайларды азайтуға бағытталған. Әсіресе жылыту маусымы жақындаған сәтте электр мен газ құрылғыларын, пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеру ерекше маңызға ие. Рейд барысында құтқарушылар мен жауапты қызмет өкілдері тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын ашық түсіндірді.
Түркістан облысында дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты шарасы өтті. Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округінде ұйымдастырылған жиында ақ алтын өсіріп, өңір экономикасының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен мол мұрасын насихаттау мақсатында Түркістанда танымдық шара өтті. Қаныш Сәтбаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған жиында ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне арналған көшпелі көрме көпшілік назарына ұсынылды. Басқосу аясында мәдени және ғылыми-танымдық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты меморандумға қол қойылды.
Семья — это золотой стержень общества, а крепость каждого домашнего очага начинается с поддержки и возможности реализовать свой потенциал. Центр «Анаға тағзым» в Таразе работает в этом направлении уже на протяжении пяти лет. Сегодня центр стал одним из важнейших учреждений региона, пропагандирующих семейные ценности и оказывающих социальную поддержку.
Сохранение историко-культурного наследия и борьба с вандализмом стали главными целями молодёжной акции в Таразе. На территории этноисторического комплекса «Тектурмас» представители молодёжного крыла «Әділет жастары» провели уборку и удалили около 150 надписей с памятников и ограждений.
В Таразе прошла международная научно-практическая конференция, посвященная вопросам обеспечения верховенства закона и защиты прав человека. На встрече с участием зарубежных ученых были обсуждены актуальные реформы в этой сфере. Кроме того, состоялось чествование 60-летнего юбилея кандидата юридических наук Сагынбека Курманбекова, внесшего значительный вклад в развитие науки.
Отличная новость для жителей города Тараза и Байзакского района — запущен новый автобусный маршрут № 4. Теперь поездки в город для жителей сел Бурыл и Кумжота станут намного проще и комфортнее. Проект реализуется в рамках поручения акима области Ербола Карашукеева по модернизации системы общественного транспорта.
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Ал сол шаңырақтың берік болуы әр адамның қолдауға ие болып, өз мүмкіндігін жүзеге асыруынан басталады. Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығы бес жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеді. Мұнда әйелдер білім алып, балаларды өнерге баулиды, ал қиындыққа тап болған отбасылар қажетті кеңес пен қолдау табады. Бүгінде орталық өңірдегі отбасылық құндылықтарды дәріптеп, әлеуметтік қолдау көрсететін маңызды мекемелердің біріне айналды.