Жыл аяғына дейін Ақтауда Еуразия өндірістік-логистикалық базасының құрылысын бастау жоспарланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Қытайдың Ляньюньган қаласында өткен арнайы конференция барысында белгілі болды. Қытай мен Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасындағы мультимодельді жеткізу жүйесі Ляньюньган мен Ақтау айлақтарын байланыстырады. Қазақстандық айлақта логистикалық қызмет көрсетумен қатар, құрастыру, өңдеу кәспорындары салынып, шекаралық сауда жүреді. Жоба арасы сегіз мың шақырым Ақтау мен Ляньюньган айлақтарының артықшылықтарын үйлестіруге арналған. Тауарлар Қазақстан аумағы арқылы Каспий жағалауындағы елдер, Кавказ, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаға және кері бағытта Қытай мен Азия-Тынық мұхит аймағына тасымалданады. Қуаныш Амантай, «Kazakh Invest «ҰК» АҚ Қытайдағы бас өкілі: – Жобаның басты мақсаты – Каспий өңірі, Қытайдың шығыс бөлігі мен Шығыс Азия арасында жаңа сауда жолдары мен жаңа тауар айналымын құру. Осы жөнінде еуропалық және шығыс азиялық компаниялармен келіссөздер өтіп, олар осы бағдарға үлкен қызуғышылық танытты. Келесі жылдың соңында бұл жоба біртіндеп жүзеге асады. Қос айлақта қоймалар, өнім шығаратын және өңдейтін цех және халықаралық теміржол терминалдарын салу жоспарланған. Жобаны халықаралық қаржылық даму институтары қаржыландыруға ниетті. Құрылтайшылардың айтуынша, бұл жобаның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Болашақта кәсіпорын өз жұмысының ауқымын кеңейтпек. Сунь Ванпин, «Ace Group» компаниясының президенті: – Болашақта осы жоба іске асқаннан кейін Қытай мен Еуропа арасындағы пойыздар Каспий теңізі арқылы өтуі үшін Ақтаудың қолайлы географиялық орнын пайдаланғымыз келеді. Бұл пойыздар Ляньюньганнан ғана емес, Қытайдың өзге қалаларынан да қатынайды. Ақтаудан теңіз арқылы Бакуге, ал одан Еуропаға жүреді. Бизнес өкілдерінің пікірінше, бұл Маңғыстау облысының экономикасына елеулі пайда әкеледі. Еуропаға қатынайтын пойыздар айлақтың өткізу қабілетін арттырумен қатар Қазақстанның транзит әлеуетін көтеріп, жаңа жұмыс орындарын құрады. Жобаның тек бірінші кезеңін іске асыру үшін жерлікті тұрғындар арасынан жүзге жуық маман тарту көзделіп отыр. Өзге жағынан бұл екі айлақ арасында байланыстарды бекітуге өз септігін тигізеді.
Су добынан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Ресей чемпионаты аясында ерлер командалары арасында 6 кезең ойындары өтті. Додаданың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы екі ойын өткізді. Қазақстан құрамасы Синтез командасымен кездесті. Екеуара кездесудің екі ойыны да Қазақстан үшін сәтті аяқталды. Бірінші кездесуде ел құрамасы қарсыласты 20:9 ұпайымен жеңсе, екінші ойын 19:4 есебімен отандастарымыздың еншісіне шешілді.
Кызылординские аграрии собрали 500 тысяч тонн риса, сообщает корреспондент «Хабар 24». В этом году культурой было засеяно около 84 тысяч гектаров. В среднем с каждого фермеры собрали по 60 центнеров белого зерна. Аграрии отмечают, что из-за маловодья и засухи в текущем сезоне развернулась настоящая битва за урожай. Чтобы обеспечить посевы поливной водой, повсеместно очистили магистральные каналы, установили насосы большой мощности для повторного применения сброшенных вод. В хозяйствах внедрили методы капельного орошения. Благодаря предпринятым мерам урожай удалось собрать без потерь. Отметим, что цена на рис регулируется государством, и на сегодняшний день средняя стоимость составляет 222 тенге за килограмм. Рисовая крупа экспортируется в страны СНГ, а также в Монголию и Ирак. Талгат Дуйсебаев, руководитель областного Управления сельского хозяйства: — Посевы риса в текущем году были уменьшены на 6 тысяч гектаров. При этом вместо него мы увеличили на 9 тысяч гектаров посевные площади кормовых и овощебахчевых культур. В следующем году данные работы будут продолжены. Наряду с этим будут внедряться технологии капельного, дождевального орошения и будем увеличивать площади менее влагоемких культур.
Оқиға қазанның он сегізі күні болған. Сабақтан келген жеткіншек үлкендер жоқ кезде өздігінен тамақ пісірмек болыпты. Газды тұтатқанда аяқ астынан от лап ете қалған. Оқыс жағдайдан шошынып қалған ол жуынатын бөлмеге барып тығылған. Алаулап жанған өрттен үйдің ішін түтін басқан. Сол кезде оқиға орнына келген тәртіп сақшысы есікті бұзып ішке кіріп, жанып жатқан үйден баланы алып шыққан. Артынша өрт сөндіруге кіріскен. Балақайды құтқарған тәртіп сақшысының есімі – Нарқұлан Дәулетхан. Нарқұлан Дәулетхан, Қапал ауылының учаскелік полиция инспекторы: – Біздің міндетіміз – адамның өмірін сақтап қалу, құқығын қорғау. Мен өзімнің істеген ісімді ерлік деп санамаймын. Өйткені бұл менің орнымда болған әр азаматтың қолынан келетін іс деп білем. Қазір оқушының жағдайы жақсы. Жапа шеккен отбасы үйін қалпына келтіріп жатыр. Сәуле Байғонова, Қапал ауылының тұрғыны: – Бес ұлымыз бар. Соның ішіндегі кенжеміздің өмірін сақтап қалған азаматқа алғысымыз шексіз. Осы жылы облыс полицейлері әртүрлі жағдайға душар болған алты адамды құтқарды.
Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды. Бұл жолғы дүмпу Байзақ ауданындағы жарылыс болған жерден 12 шақырым қашықтықта тіркелді. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қоймадан шығарылған оқдәрі фрагменттерін жару бойынша жұмыстар басталған көрінеді. Ол үшін тау ішінен арнайы қауіпсіз жер бөлінген. Мамандардың айтуынша, мұндай жарылыстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Жергілікті билік маңай толықтай оқшауланған, елді мекендер мен тұрғындарға келер қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Жарылыс кезінде оқдәрі қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Құзырлы органдар тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.