1 сентября, аким Жамбылской области Ербол Карашукеев принял участие в праздничной линейке в средней школе №66 города Тараза. Мероприятие было посвящено Дню знаний. Торжество началось с первого звонка, выступлений творческих коллективов и концертных номеров школьников.
Сегодня в акимате Жамбылской области состоялось аппаратное совещание под председательством акима области Ербола Карашукеева. На повестку дня были вынесены два ключевых вопроса: развитие здравоохранения и туристического потенциала региона.
Тараз белсенді түрде жаңарып келеді: ірі инвестициялық жобалардан бастап, «ақылды» технологияларды енгізу, көше инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Конституцияның 30 жылдығына орай шаһарда ашылған балалар ойын алаңы осы даму бағытының жарқын әрі символдық көрінісі болып отыр. Толығырақ арна тілшісі тарқатып айтсың.
1 қыркүйек – Білім күні Жамбыл ауданы тұрғындары үшін айрықша қуанышқа толы болды. Бәйтерек пен Шайдана ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріліп, Аса ауылындағы үш мектеп ауласында кіші футбол алаңы ашылды.
Елімізде жаңа оқу жылы басталды. Осыған орай Жамбыл облысында бірқатар мектептерде салтанатты жиындар өтті. Оның ішінде Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей мен №8 гимназия мектебін де Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер жаңа білім жылын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Толығырақ алдағы сюжетте
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 орта мектепте өткен 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Жиында алғашқы қоңырау соғылып, өнерлі өрендердің ән-шашуы мен мерекелік қойылымдары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бүгін Таразда маңызды салтанатты рәсім өтті — Жамбыл облысының құтқарушылары жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы киімдерін алды. Іс-шара Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын ауқымды жаңартуға орайластырылған. Салтанатты жиынға аймақтың және ТЖ министрлігінің бірінші басшылары қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінде өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде өңірдің денсаулық сақтау және туристік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды.
30 тамыз – Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше маңызды күн. Бұл күні ел өзінің басты құндылығы – Ата Заңын, яғни Конституция күнін салтанатты түрде атап өтеді. Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет орталығында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Тараз қаласында 2010–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында «Ата Заң – ел тірегі» ұранымен бокс турнирі өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «TARLAN TOP TEAM» бокс клубы және Тараз қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі бірлесіп ұйымдастырды.