Мойынқұм ауданының әкімі Ерлан Карентаевтың мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында аудан экономикасында тұрақты өсім байқалуда. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 59,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7 млрд теңгеге артқан. Бұл көрсеткішке негізінен 784 келі алтын, 145 келі күміс және 557,9 мың тонна цемент өндірісі есебінен қол жеткізілді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жуалы ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Сонымен қатар, халықпен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті. Ауданның қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік алған іс шара алдағы сюжетте
Сегодняшняя молодёжь – это будущее нашей страны, главная движущая сила её развития. Их активность, творческие инициативы и участие в общественной жизни имеют огромное значение. Как развивается молодёжная политика и волонтёрское движение в Таразе? Подробнее – в нашем сюжете.
Сегодня в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» масштабные работы по санитарной очистке и благоустройству 12 микрорайона .Активное участие в ней приняла и молодежь города Тараза.
7 июля Казахстан отметил Национальный день домбры – праздник, посвященный одному из самых значимых символов казахской культуры и национальной идентичности. Отметили его и в Жамбылском районе. «Тарих тынысы – домбыра үнімен!» под таким название прошел праздничный вечер.
Депутат Мажилиса Парламента РК Мукаш Искандиров продолжает свои рабочие поездки по Жамбылскому региону. Он посетил Кордайский и Шуский районы, где ознакомился с работой ряда предприятий, которые дают толчок экономическому развитию области.
Бүгінгі таңда жастар – кез келген елдің болашағы, дамуының негізгі қозғаушы күші. Олардың белсенділігі, шығармашылық бастамалары және қоғамдық өмірге араласуы маңызды. Тараз қаласындағы жастар саясаты мен еріктілер қозғалысы қалай дамып жатыр? Толығырақ алдағы сюжетте.
Бүгін, қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза саябақ» іс-шарасы өтті. Астана ықшам ауданында өткен бұл акцияға ерікті жастар белсене қатысып,өз үлестерін қосты.
Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл ауданы аумағында орналасқан көне «Ақыртас» кешенінде ерекше форматтағы мерекелік іс-шара өтті. «Тарих тынысы – домбыра үнімен!» атты бұл рухани кештің мақсаты – ұлттық аспапты ұлықтап, төл өнердің қадірін арттыру.
Күні кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров Қордай және Шу аудандарына арнайы барып, өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп отырған бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.