20 Апр 2026, Пн

admin

Жамбыл облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 073 жоба іске асырылды

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева мәлімдеді

Жамбыл облысында 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 189 ауылда жалпы құны 81,9 млрд теңгені құрайтын 1 073 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, елді мекендерді тұрақты дамыту.

Соңғы алты жылда өңірдегі елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым айтарлықтай жақсарды. Атап айтқанда, 71 білім беру, 35 денсаулық сақтау, 54 мәдениет, 51 спорт және 85 коммуналдық-шаруашылық нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 892 шақырымды құрайтын 776 ауылішілік көше орташа жөндеуден өтті.

Биыл өтпелі 19 жобаны іске асыру жоспарлануда. 

Байзақ ауданының Қосақ, Жамбыл ауданының Тоғызтарау, Т. Рысқұлов ауданының Қарақат, Шу ауданының Төле би және Еңбекші ауылдарындағы 7 мектепке жапсарлас ғимараттар салынады.

Сондай-ақ Жуалы ауданының Нұрлыкент, Көлтоған, Қарасаз, Т.Рысқұлов ауданының Құлан, Қордай ауданының Үлкен Сұлутөр, Шу ауданының Жаңажол және Шоқпар ауылдарында 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Жамбыл ауданының Бесағаш, Талас ауданының Ойық және Үшарал ауылдарында 3 мәдениет үйі ашылады деп жоспарлануда.

Көлік инфрақұрылымы саласында да бір жобаны жүзеге асыру көзделген.

Айта кетейік, облыстағы 357 елді мекенде 1 216,1 мың адам тұрады. Оның ішінде 353-і ауылдық елді мекен болса, онда 678,3 мың адам немесе өңір халқының 55,8 пайызы қоныстанған.

ЖІБЕК ЖІБІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҮЙРЕТІЛДІ

Тараздың тарихи тынысы Түрксіб алабында қайта жаңғырды. Мұнда жібек құртының өнімін өңдеп, одан жоғары сұранысқа ие бұйымдар шығарудың заманауи әдістері түсіндірілді. «Жібек жібін өндіру – табыс көзі» атты практикалық семинар жергілікті қыз-келіншектер үшін кәсіпкерліктің жаңа көкжиегін ашты. Толығырақ алдағы сюжетте.

ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Тараз қаласында «Жастар» стадионының жаңартылған футбол алаңы ашылды. Жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Жаңа алаң заманауи талаптарға сай жабдықталып, мұнда енді оқу-жаттығу жиындары мен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Толығырақ келесі сюжетте.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАМБЫЛДЫҚ СУ ДОБЫ СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен су добынан Азия чемпионатында жүлдегер атанған спортшылармен кездесіп, оларға құрмет көрсетті. Кездесуге ҚР су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ су добынан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының жаттықтырушылары қатысты.

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

Жаз мезгілі жақындаған сайын су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түседі. Түркістанда осы бағыттағы дайындық жұмыстары алдын ала басталған. Жауапты қызметтер шомылу орындарын тексеріп, қажетті шараларды жүзеге асыруда. Құтқару бекеттері әзірленіп, мамандар арнайы дайындықтан өтуде. Сонымен қатар, тұрғындарға арналған түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалмаған.

АРНАДАН АСҚАН СУ – АЛАҢДАУҒА СЕБЕП

Су тасқыны – тек бір ауданның ғана мәселесі емес, ол кез келген жерде пайда болуы мүмкін қауіп. Бір сәттік салғырттық немесе дайындықтың жоқтығы табиғаттың күшін сездіріп, күтпеген зардаптарға әкелуі мүмкін. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.Кеден және салық бақылауы күшейтіліп, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қызмет көрсету сапасы жақсарды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

«ЖАЙДАРМАН»ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ

Түркістан қаласында «Жайдарман» ұлттық лига ойындарының 1/8 финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті.Ауқымды шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және Қазақстан КВН Одағының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

КӨКТЕМ ОТЫ — ДАЛА ҚАСІРЕТІ

Бір ғана салғырттық – үлкен апатқа себеп болуы мүмкін. Әсіресе көктем-жаз мезгілінде дала өрттерінің қаупі күшейіп, табиғатқа да, адам өміріне де қауіп төндіреді. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.