Меркі ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудандық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №9 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Ұстаз CUP 1» аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир американдық-парламенттік форматта ұйымдастырылып, жас ұстаз бен оқушыдан құралған командалар өзара бақ сынады. Ауданның 20 мектебінен 20 команда қатысып, барлығы 40 қатысушы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Ел ертеңін айқындайтын маңызды құжат — еліміздің сарапшылар қауымдастығы 30 қаңтарда жарияланған жаңа Конституция жобасын қызу талқылап жатыр. Белгілі саясаттанушылар, заңгерлер мен ғалымдар өз пікірлері мен сараптамалық бағаларын ортаға салуда. Олардың қатарында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өкілдері де бар. Мамандардың пайымдауынша, ұсынылған өзгерістер мемлекеттік құрылымның іргелі негіздерін трансформациялауға бағытталған.
Жастар – конституциялық реформалар үшін! Тараз қаласында ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі күннің басты назарында — жастармен жұмыс және олардың Жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі. Шаһар басшысының еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі стратегиялық маңызы бар кәсіпорын — «Таразэнергоцентр» АҚ базасында өтті. Қала әкімінің айтуынша, алдағы реформалардың басты қозғаушы күші — дәл осы жастар. Ал жаңарған Конституция олардың өз әлеуетін іске асырып, мемлекетті басқару ісіне белсене араласуына берік құқықтық негіз болмақ.
Накануне стартовал областной отборочный этап турнира «SENAT OPEN – 2026». В рамках 1/8 финала сильнейших выявляют сотрудники правоохранительных органов и силовых структур. За ходом интеллектуальных баталий наблюдала наш корреспондент.
На сегодняшний день развитие массового спорта является одним из приоритетных направлений государственной политики. В Жамбылской области на регулярной основе организуются марафоны, велопробеги, спартакиады и дворовые лиги. Эти инициативы позволяют жителям системно заниматься физической культурой и способствуют продвижению активного образа жизни в обществе.
Заместитель акима области Серик Салемов встретился с представителями сферы культуры региона. В ходе встречи он подробно разъяснил основные изменения, вносимые в Основной закон, и их ключевые преимущества. Работники культуры выразили единогласную поддержку новому конституционному проекту.
Сегодня состоялось важное совещание, посвященное разъяснению приоритетов новой конституционной реформы и законодательных изменений. На встрече под председательством заместителя акима области Алтая Али обсудили вопросы модернизации системы государственного управления и повышения уровня правовой защиты граждан.
Күні кеше «SENAT OPEN – 2026» турнирінің облыстық іріктеу кезеңі басталды. 1/8 финалдық бәсекеде құқық қорғау органдары мен күштік құрылым қызметкерлері өзара мықтыны анықтауда. Зияткерлік доданың барысын арна тілшісі Сабина Орынбек тарқатады.
Бүгінде бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Облыс көлемінде түрлі спорттық-бұқаралық шаралар, спартакиадалар, жүгіру марафондары, веложарыстар мен аула спорт лигалары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беріп, қоғамдағы белсенді өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Өңірде облыс әкімінің орынбасары Серік Салемов мәдениет саласының өкілдеріміен кездесіп ата зандағы негізгі өзгерістермен оның тиімді тұстарын кеңінен түсіндірді. Жиын барысында мәдениет қызметкерлері жаңа концтитуциялық жобаны қолдайтынын жеткізді.