Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ұйымдастырылып, өңір аумағындағы көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталды. Іс-шараға облыс бойынша 336 полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардың қатарында көші-қон, учаскелік, криминалдық, ювеналдық және патрульдік полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ 49 ұтқыр топ құрылып, шетел азаматтары көп шоғырланған нысандар тексерілді. Толығырақ әріптесім Қарақат Пәрімбек тарқатады.
Кеше Тараз қаласының басты көшелері мен адам көп шоғырланған орындарында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Жол бер!» республикалық акциясы аясында ауқымды әлеуметтік сауалнама өткізілді. Бұл шара жай ғана статистика жинау емес, жедел қызмет көліктерінің қала көшелеріндегі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және жүргізушілердің жауапкершілігін тексеру мақсатында қолға алынды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тікелей тұрғындармен тілдесіп, олардың азаматтық қорғау органдарына деген сенімі мен көзқарасын зерделеді.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасындағы негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістерді саралады.
Бүгін қала әкімінің төрағалығымен актив отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформаларды іске асыру. Атап айтқанда, қатысушылар парламенттік жаңғыру барысын және оның жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға тигізетін әсерін талқылады.
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің қысқы кезеңдегі тыныс-тіршілігі жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе — жылыту маусымының барысы мен жылу жүйелерін ретке келтіру жоспары болды.
Сотрудниками Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Жамбылской области совместно с ДКНБ РК по Жамбылской области в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий проведены одновременные обыски по двум адресам в Таразе
Интернет-мошенничество остаётся одной из наиболее распространённых форм преступлений. Преступники активно используют стремление отдельных граждан к получению быстрых и лёгких доходов, что повышает их уязвимость к мошенническим схемам. В целях предупреждения данных преступлений Департамент полиции Жамбылской области усилил профилактическую работу по всем направлениям.
День открытых дверей для родителей солдат. Масштабная акция по инициативе Министра обороны прошла в минувшую субботу одновременно во всех воинских частях Вооруженных Сил страны. Ее цель – не просто дать возможность свидания, а показать, в каких условиях живут и служат солдаты. И в части Регионального командования «Юг» прибыли сотни родителей, чтобы лично убедиться: их сыновья – в надежных руках.
В армии станет больше государственного языка. В Таразе презентовали новый учебник, написанный специально для военнослужащих. Книга поможет солдатам и офицерам грамотно давать команды и вести документы на казахском языке. Презентация прошла в воинской части 5513 Национальной гвардии.
Молодежная политика — это не лозунги, а живой диалог. В Таразе прошел форум в формате TalqyLike, где школьники и эксперты на равных обсудили правовую культуру. Вместо привычных докладов участникам предложили кинодискуссию: через просмотр социальных фильмов подростки разбирали темы ответственности, буллинга и выбора жизненного пути.