Тараз төрінде дәстүрлі «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты — шаһар тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бүгін алаңға жиналған бұқара жергілікті шаруалардың табиғи өнімдерін нарық бағасынан арзан бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Жамбыл облысында өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында жүгеріні терең өңдейтін заманауи зауыттың ашылу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысып, жаңа өнеркәсіп паркінің құрылысын бастауға рұқсат берді.
Будущее страны — в руках честной и активной молодежи. В Доме дружбы прошла важная встреча с участием представителей молодежи ЭТНОКУЛЬТУРНЫХ ЦЕНТРОВ Жамбылской области . На собрании обсуждались вопросы соблюдения верховенства закона. Подробнее об этом расскажет корреспондент .
Последнее воскресенье сентября — День труда. В честь этого праздника сотрудники областных «Карьерных центров» поменяли рабочие кабинеты на зелёный газон, чтобы побороться за победу на областном турнире по мини-футболу «MANSAP CUP – 2026». На этот раз состязания прошли в Жамбылском районе.
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні. Осыған орай облыстық «Мансап орталықтарының» қызметкерлері кабинетте емес, жасыл алаңда кездесіп, «MANSAP CUP – 2026» облыстық кіші футбол турнирінде бақ сынасты. Бұл жолғы дода Жамбыл ауданында ұйымдастырылды.
Шалдар ауылындағы мәдениет үйінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалған. Мұнда өнер мен спортты ғана емес, баланың зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер де жұмыс істейді. Соның бірі — шахмат үйірмесі. Тақта басындағы бұл ойын баланы жай ғана жарысқа дайындамайды. Ол өрендерді ойланып әрекет етуге, әр қадамын саралауға, сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Бүгінде ауыл балалары шахматтың қыр-сырын меңгеріп, өзара тәжірибе алмасып, бос уақыттарын пайдалы іске арнап жүр.
Шалдар ауылындағы мәдениет үйінде өнерге ынталы жастардың басын қосқан музыка үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда жас өнерпаздар ән айтып қана қоймай, музыканың қыр-сырын меңгеріп, сахна мәдениетін қалыптастырады. Әр сабақ — баланың бойындағы талантты танып, оны дамытуға жасалған бір қадам. Біз ауылдағы музыка үйірмесінің жұмысына арнайы тоқталып, шәкірттерге өнер үйретіп жүрген ұстазбен тілдесіп қайттық.
Бәйдібек ауданындағы Шалдар ауылында өнер мен мәдениетке ерекше мән берілген. Мұндағы мәдениет үйі — ауыл тұрғындарының басын қосып, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін шыңдайтын маңызды рухани орталық. Қазір мұнда түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істеп, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Музыкадан бастап балетке, шахмат пен спортқа дейінгі үйірмелер ауыл балаларының қызығушылығын арттырып, олардың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
В Таразе набирают темп инициативы по развитию массового спорта и приобщению молодежи к здоровому образу жизни. В рамках этой работы региональная баскетбольная академия посетила военную школу-интернат имени Бауыржана Момышулы и заложила основу новой команды из числа воспитанников. Подробнее о спортивном мероприятии и позитивных изменениях в военном учебном заведении — далее в материале.
Казахстан — многонациональное государство, где представители разных этносов живут в мире и согласии. Объединяет их не только общая история и гражданская ответственность, но и государственный язык. Сегодня казахская речь звучит и в воинских частях — военнослужащие разных национальностей свободно общаются между собой на государственном языке и изучают его как часть своей службы.