Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери полициясы өздерінің кәсіби мерекесін – құрылғанына 29 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Әскердегі қатаң тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуді басты мақсат тұтқан бұл құрылымның оңтүстік өңірдегі қызметін Тараз өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы абыроймен атқарып келеді.
Жамбыл облысында жаңа білім беру бастамасы — «Tomorrow School» жобасы өз жұмысын бастады. Ол Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында жүзеге асырылып жатыр, бірақ жоба өңірдегі барлық тұрғындарға ашық. Бұл — дәстүрлі мұғалімдері бар курстар емес. Мұнда студенттер бір-бірінен үйреніп, тапсырмаларды бірге орындап, жұмыстарын өзара тексереді. Дәстүрлі дәрістер жоқ, тек тәжірибе мен нақты жобаларға негізделген оқыту бар.
Күні кеше «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ депутаттық корпус пен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Интернет – бүгінгінің ажырамас бөлігі. Алайда, виртуалды әлемде де «қараңғы тұстар» көп. Соңғы кездері облыс орталығында интернет-алаяқтықтың белең алуы, әсіресе жеке деректерді ұрлау фактілері үлкен алаңдаушылық туғызды. Осы мәселеге тосқауыл қою мақсатында интернет-алаяқтыққа қарсы арнайы профилактикалық іс-шара өтті.
Тараз қаласында «Цифрлық трансформация жағдайында мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру» тақырыбындағы IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды жиынға Қазақстанның әр өңірінен келген педагогтермен қатар, шетелдік сарапшылар, ғалымдар және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Кәсіби алаңда жаңа бастамалар ұсынылып, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік жасалды.
Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі сән апталығы — «ASPARA FASHION WEEK» -тің XVII маусымы басталды. 22–25 сәуір аралығында «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде өтіп жатқан жоба әлемнің 60-тан астам елінен келген дизайнерлер мен креативті индустрия өкілдерін біріктірді. Биылғы маусым тек сән көрсетілімдерімен шектелмей, халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби диалог алаңына айналмақ.
Тараз қаласында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени шараға шетелден және еліміздің әр өңірінен келген қолөнершілер мен өнер өкілдері қатысуда.
В Таразе ремонтно-восстановительная базе Регионального командования «Юг» на два полных дня переоборудовалась под площадку для проведения военно-патриотического конкурса «Жас қыран». А военнослужащие воинской части на время переквалифицировались в судейский состав конкурса. Так в Таразе состоялись состязания среди школьников по военно-прикладным видам спорта. Пятьдесят команд состязались между собой, доказывая высокую военную подготовку и свой патриотизм.
Интернет — неотъемлемая часть современной жизни. Однако в виртуальном мире немало «темных пятен». В последнее время в областном центре серьезную обеспокоенность вызывает рост интернет-мошенничества, особенно факты хищения персональных данных. Для противодействия этой проблеме было проведено специальное профилактическое мероприятие.
В Таразе прошла IV Международная научно-практическая конференция на тему: «Повышение качества учебно-воспитательного процесса в школе в условиях цифровой трансформации». В масштабном форуме приняли участие педагоги со всех регионов Казахстана, а также зарубежные эксперты, ученые и руководители организаций образования. Профессиональная площадка предоставила широкие возможности для выдвижения новых инициатив и обмена опытом.