18 Апр 2026, Сб

2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПАВЛОНИЯ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту және жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында павлония ағашын егу жұмыстары қарқын алып келеді. “Болашақ ағашы” атанған бұл өсімдік өңірдің бірнеше ауданында жүйелі түрде отырғызылуда.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕКШІ МЕ ӘЛДЕ КЕДЕРГІ МЕ?

Қазіргі таңда жасанды интеллект, соның ішінде ChatGPT секілді құралдар жастар арасында кеңінен қолданылуда. Сарапшылар бұл технология бір жағынан ақпарат алуды жеңілдетсе, екінші жағынан жастардың өздігінен ойлау және талдау қабілетіне әсер етуі мүмкін екенін айтады.Толығырақ тілшіміз тарқатады.

ТҮРКІСТАНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ЖАППАЙ КҮРЕС ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейді. Биыл науқан ерте басталып, кең көлемде жүргізілуде. Құрғақшылықтың әсерінен зиянкестердің көбею қаупі артып, фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауға алынған.

БІР АРМАН – БІР ҚУАНЫШ

Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Армандар орындалады» инклюзивті жобасы өтті. Игі шара балалардың армандарын жүзеге асырып, оларға қуаныш пен үміт сыйлауға бағытталды.

РОБОТТАР БӘСЕКЕСІ: ТЕХНОЛОГИЯ ТІЛІН ТҮСІНГЕН ЖАСТАР

Түркістанда өткен Robotek Grand Tournament 2026 чемпионатының іріктеу кезеңіне өңірдің әр аймағынан келген оқушылар қатысты. Олар робототехника, бағдарламалау және инженерлік бағыттағы білімдерін ортаға салып, түрлі тапсырмалар бойынша бақ сынады. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ

Түркістан облысының заманауи келбеті қалыптасып, өңірде халық көп жиналатын нысандар саны артып келеді. Осы орайда, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — уақыт талабы. Түркістан қаласы мен облысқа қарасты аудандардағы ірі сауда орталықтары мен тамақтану орындары күнделікті жүздеген адамды қабылдайды. Сондықтан, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Бұл ретте басты назар — өрт бола қалған жағдайдағы іс-қимыл жоспары мен эвакуациялық жолдардың қолжетімділігіне аударылады.

«AUYL INVEST FEST. Балық аулау — 2026» ФЕСТИВАЛІ

Түркістан облысында «AUYL INVEST FEST. Балық аулау – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында балық аулау бойынша арнайы турнир ұйымдастырылды. Оған әуесқой және кәсіби балықшылар қатысып, өзара бақ сынасты.

ТЖД МАМАНДАРЫ АУА РАЙЫНА САЙ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ

Түркістан облысында төтенше жағдайлар қызметі ауа райының кез келген құбылысына дайын болу мақсатында жоспарлы жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушылар өңірдегі тұрақтылықты бақылауда ұстап, тұрғындар арасында сақтық шараларын насихаттауды жалғастыруда. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздіктің басты кепілі — алдын алу шараларының уақтылы орындалуы.