2026
ЭКСТРЕМИЗМ — ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНГЕН ҚАУІП
Бүгін Достық үйінде «Экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Іс-шара барысында мамандар дерадикализация, діни сауаттылық және зайырлылық қағидаттарын түсіндірудің маңызын талқылады.Толығырақ тілшіміз тарқатады.
МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған ірі жоба жүзеге асырылуда. Құны 146,6 млрд теңге болатын кешен толық өндірістік циклді қамтып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
ӨНЕР АРҚЫЛЫ КЕЛГЕН ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
Өңірде «ULYLARDYN OTANY» халықаралық суретшілер симпозиумы өтті.Шараның негізгі мақсаты – Оңтүстік өңірі мен Түркістаннан шыққан тарихи тұлғалардың бейнесін бейнелеу өнері арқылы жаңғыртып, олардың рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
БІЛІМ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ АНЫҚТАУ
Түркістан қаласында «Study in Kazakhstan 2026» көрмесі өтіп, талапкерлерге жоғары оқу орындары туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.Шара аясында жастар мамандықтармен танысып, оқу мүмкіндіктерін саралауға мүмкіндік алды.
ЖАСТАР ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН БАҚ СЫНАУДА
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде «Бала шешеннен – дана шешенге» атты облыстық байқау өтті.«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
САРБАЗДАР ШЫҢДАЛҒАН АЛАҢ
Түркістан төрінде ел қауіпсіздігінің тірегі болар жас буынның біліктілігі сынға түсті. Өңірде Ұлттық ұлан сарбаздарының жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді оқу-жаттығу жиыны өтуде. Бұл тек тәртіпті тексеру емес, сонымен қатар заманауи қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру кезеңі. Командалық үйлесімділік пен тактикалық шеберлікке негізделген дайындық барысын тілшіміз бақылап қайтты.
ТРЕНД ӘЛДЕ МИНИМАЛИЗМ: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР НЕНІ ҚОЛДАЙДЫ?
Қазіргі таңда әлеуметтік желі мен жаһандық трендтер адамдардың өмір салтына тікелей әсер етуде. Бірі қымбат зат алып, сән қууға тырысса, енді бірі минимализмді, яғни қарапайым өмірді таңдайды.
ТАЗА АУЛА — ТАЗА ОЙ
Демалыс күндері қаламыздың дерлік барлық аумағында «Таза аула» акциясы өтті. Шара барысында тұрғындар мен еріктілер аумақты қоқыстан тазалап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.Толығырақ тілшіміз тарқатады.
ПРАЗДНИК МУЖЕСТВА И ЧЕСТИ В СТЕНАХ ШКОЛЫ №18
7 мая, в честь Дня защитников Отечества, в средней школе №18 района Жибек жолы состоялось торжественное мероприятие, ставшее не только праздником, но и важным воспитательным событием в жизни школы. Педагоги и наставники целенаправленно создали для учащихся особую атмосферу — атмосферу уважения к тем, кто стоит на страже мира и безопасности страны. В ходе праздника юные умы смогли по-настоящему осознать ценность мирного неба над головой, а мужество, честь и чувство ответственности защитников Отечества были представлены школьникам как высокие нравственные ориентиры, достойные подражания.
