Жамбыл ауданында 2019-2026 жылдар аралығында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында ауданда жалпы 9,8 млрд. теңгеге 137 жоба іске асты. Соның бірі — Тоғызтарау ауылындағы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектеп. Бұған дейін шағын ғана мектеп болған ғимарат кеңейтіліп, ауыл тұрғындарының сұранысына сай жапсарлас құрылыс жүргізілген болатын. Республика күні қарсаңында бұл нысан ел игілігіне берілді.
23-25 қазан аралығында елімізде патриоттық рухты дәріптейтін дәстүрлі «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпыұлттық акциясы өтуде. Осы бастама аясында Тараз қаласындағы №64 орта мектепте ерекше патриоттық іс-шара өтті.
25 – қазан Республика күні. Бүгін Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінде осы айтулы күнге орай «Республика күні – елдігіміздің бастауы» атты ауқымды салтанатты-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Жиын барысында жастардың отаншылдық сезімін оятуға бағытталған маңызды бастамалар көтеріліп, ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Бүгін Республика күніне орай Жібек жолы ауданына қарасты Жалпақтөбе алабында мерекелік іс шара өтті. Жиынға аудан әкімі Қарлығаш Әмірқызы мен тұрғындар қатысты. Шара барысында ардақты аналарға сый-құрмет көрсетіліп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары табысталды.
Бүгін «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс III конференциясы өтті. Жиында 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарлама қаралып, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынылды. Конференцияға облыстың аудан, қалаларынан сайланған делегаттар қатысты. Мандаттық комиссияның мәліметінше, барлығы 103 делегат сайланып, оның 92-сі отырысқа қатысты.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде. Бүгін оқу орнына Ресей делегациясы арнайы келіп, колледждің тыныс-тіршілігімен танысты. Тараптар білікті маман даярлауда тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыруды талқылады.
Республика күні қарсаңында Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында мерекелік салтанатты жиын өтті. Ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтайтын айтулы шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады.
Кентау қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған үш қабатты ипотекалық үйлер салынып, пайдалануға берілуде. Соның бірі — Шоқан Уәлиханов көшесіндегі жаңа тұрғын үйлер. Баспаналы болуды көптен күткен азаматтарға ұсынылған бұл пәтерлер тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар халықтың баспанаға қол жеткізуіне қолдау көрсетуді көздейді.
Кентау қаласында бұған дейін күрделі жөндеуді қажет еткен бірқатар көпқабатты тұрғын үй жаңартылып, 2024 жылы халық игілігіне берілді. Жылдар бойы тозығы жеткен ғимараттар қайта қалыпқа келтіріліп, тұрғындарға жайлы жағдай жасалды. Бүгінде бұл үйлерде отбасылар тұрып жатыр. Жаңарған баспаналардың ішкі және сыртқы келбеті жақсарып, тұрғындардың көңілінен шыққан.
Кентау қаласында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа нысан тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап, бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек.