Тараз қаласында құқық қорғау жүйесі мен білім беру саласы үшін тарихи оқиға өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында тұңғыш рет республикалық ауқымда «Жас сақшы – қауіпсіз болашаққа қадам» форумы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Қазақстанның 19 өңірінен келген «Жас сақшы» мамандандырылған сыныптарының делегаттары қатысты.
Таразда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың қатысыумен жиын өтті. Көшпелі отырыста адам құқығын қорғау, азаптаудың алдын алу және түрмелердегі жағдай сөз болды. Жиынға облыс әкімі де арнайы қатысты.
На очередном заседании постоянной комиссии Кызылординского городского маслихата по вопросам экономики, развития предпринимательства, социальной сферы и правопорядка были рассмотрены итоги исполнения бюджета за 2025 год, вопросы профилактики наркомании среди подростков и организации досуга молодежи. В ходе встречи руководители отраслевых ведомств представили отчеты, а депутаты озвучили ряд конкретных предложений.
Сыр өңірінде «Шыңғыснама» тарихи дастанын жырлау кеші өтті. Жыраулар үйінде ұйымдастырылған рухани шара ұлттық тарих пен жыраулық өнерді ұлықтауға арналды. Ауқымды жыр кеші белгілі жырау, профессор Алмас Алматовтың 70 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Кеште XII-XIII ғасырлардағы Ұлы Дала тарихы кеңінен жырланды.
В Приаралье прошел вечер поэтического сказительства, посвященный исторической поэме «Шынгыснама» . Духовное мероприятие, организованное в Доме жырау, было направлено на популяризацию национальной истории и искусства жырау. Масштабный поэтический вечер был приурочен к 70-летнему юбилею известного жырау, профессора Алмаса Алматова. В ходе вечера широко воспевалась история Великой степи XII-XIII веков.
Қызылорда қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында 2025 жылғы бюджет атқарылымы, жасөспірімдер арасындағы есірткіге қарсы профилактика және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жиында сала басшылары есеп беріп, депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар айтылды.
На областном стадионе «Локомотив» состоялось торжественное открытие областных отборочных соревнований в рамках VIII Народных игр. В масштабном спортивном состязании принимают участие атлеты со всех городов и районов региона.
Облыстағы «Локомотив» стадионында VIII Халық ойындары аясындағы облыстық іріктеу жарыстарының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды спорттық додаға өңірдің барлық қала-аудандарынан келген спортшылар қатысуда.
Жамбыл облысында Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті композитор әрі жазушы Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Айтулы күнге арналған мерекелік іс-шаралар концертпен қорытындыланды. Кеш қазақ руханиятының, мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғаның шығармашылық мұрасына арналды.