В старейшей школе Тараза — гимназии №1 имени Алихана Бокейханова — прозвенел последний звонок. В этом году учебное заведение, входящее в топ-100 лучших школ страны, выпускает 102 ученика. Поздравить ребят приехал аким области Ербол Карашукеев. Глава региона отметил успехи жамбылского образования и пожелал удачи выпускникам, среди которых 8 претендентов на «Алтын белгі» и 10 отличников»
В Таразе состоялась торжественная церемония принятия военной присяги новобранцами. Участие в мероприятии принял аким Жамбылской области Ербол Карашукеев. Мероприятие прошло в парке «Жеңіс» и началось с церемонии возложения цветов к памятнику Халық қаһарманы Бауыржану Момышулы.
Аты аңызға айналған қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналған монумент өнер құрылысының ең үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық конкурс өтті. «Көне Тараз» қоғамдық қорының бастамасымен өткен бұл шара батырдың өшпес ерлігін ұлықтауды көздейді.
Тараз қаласындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында көптен күткен соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті.«Білімім – Отаныма!» атты мерекелік шарада мектеппен қимай қоштасқан жас түлек үшін ерекше сәттер орын алды. Он бір жыл бойы білім мен тәрбиенің ордасына айналған алтын ұя мектебінен түлеп ұшқалы тұрған жастар үшін бұл күн – қуаныш пен қимастыққа толы тарихи белес.
Тараз төріндегі 150 жылға жуық тарихы бар, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханов есімін иеленген №1 гимназияда салтанатты жиын өтті. Биыл бұл білім ордасынан 102 түлек үлкен өмірге жолдама алып отыр. Оның ішінде 8 «Алтын белгі» және 10 «Үздік аттестат» үміткері бар. Оқу жылының қорытындысы бойынша республикадағы «100 үздік мектептің» қатарына енген білім ұясына аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы барып, түлектер мен ұстаздар қауымын құттықтады. Облыс әкімі өз сөзінде Жамбыл өңірінің білім саласындағы толағай табыстарын ерекше атап өтті.
Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Басқосуда ел руханияты, ұлттық әдебиет пен Түркістанның түркі әлеміндегі тарихи орны кеңінен сөз болды.
Түркістанда атақты боксшы Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнир өтті. Халықаралық деңгейдегі додаға бірнеше елден келген жас спортшылар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Ас беру мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Алиповпен имамдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркістан төрінде руханият пен өнердің мерейі үстем болды. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты кеште елдің рухани байлығын еселеп жүрген жандарға құрмет көрсетілді.Толығырақ алдағы сюжетте.