В Казахстане усилен контроль за безопасной эксплуатацией маломерных судов. Контрольно-надзорные функции в этом направлении переданы Министерству по чрезвычайным ситуациям. В связи с этим в Жамбылской области стартовала республиканская профилактическая акция «Азимут безопасности». Ее цель — обеспечение безопасности на водоемах и разъяснение гражданам требований законодательства.
В Жамбылской области комплексную работу по сохранению межэтнического согласия и культурного разнообразия системно проводят региональные этнокультурные объединения. Сегодня в регионе проживает около 70 тысяч представителей русской национальности. Наряду с культурно-просветительскими проектами члены объединения уделяют особое внимание и правовой поддержке граждан. Подробнее — в нашем материале.
Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Мамандардың айтуынша, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тек психологтардың ғана емес, ата-аналардың, педагогтардың және жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өйткені балаға уақытында көрсетілген қолдау мен түсіністік оның өміріне төнетін қауіптің алдын алуға көмектеседі.
Спорт — тек денсаулық кепілі емес, ол — тең мүмкіндіктер мен шексіз жігердің майданы. Тараз өңірінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау, оларды қоғамға бейімдеу және дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Нәтиже жаман емес! Жарты жылдың ішінде өңір спортшылары халықаралық әрі республикалық додаларда жүздеген медальды еншіледі. Өрендердің жеткен жетістіктері жайлы алдағы бейнематериалда.
Қазақстанда шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға бақылау күшейтілді. Енді бұл бағыттағы бақылау-қадағалау функциялары Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Осыған байланысты Жамбыл облысында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік азимуты» республикалық профилактикалық акциясы басталды.
Жамбыл облысында ұлтаралық татулық пен мәдени әртүрлілікті сақтау бағытында кешенді жұмыстар аймақтық этномәдени бірлестіктер тарапынан тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінде облыста 70 мыңға жуық орыс ұлтының өкілдері тұрады. Бірлестік өкілдері мәдени-ағартушылық жобалармен қатар, азаматтарды құқықтық тұрғыдан қолдауға да ерекше көңіл бөлуде. Толығырақ алдағы сюжетте.