Жарты жылдың ішінде төрт тоннадан астам есірткі тәркіленді! «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауқымды операциялар жүргізіліп, жасырын фитозертханалар жойылды, сондай-ақ есірткі бизнесін қаржыландыруға бағытталған миллиондаған теңге бұғатталды. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарының орындалу барысы туралы Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков баяндады. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Бүгінгі таңда интернет-алаяқтық қоғамды жегідей жеген ең қауіпті қылмыс түрлерінің біріне айналды. Мемлекет тарапынан жүйелі шаралар қабылданғанымен, алаяқтар заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін шебер пайдалана отырып, өз қылмыстық тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Дегенмен, соңғы статистика көңіл көншітеді. Мәселен, 2026 жылы Тараз қаласында тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға төмендеген. Сонымен қатар, мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі керісінше 15%-ға жуық артқан. Киберқылмыстарға қатысы бар жүздеген тұлға анықталып, бүгінде қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары «Айбын» әскери-патриоттық жиынында бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ыбырайымов пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жеке құттықтады.
Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 59 мекемесінен жазасын толық өтеген азамат бостандыққа шықты. Қақпа алдында оны туған-туыстары мен жақындары қарсы алып, жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді. Бұл сәт сотталған азамат үшін жаңа өмірге бастар маңызды кезең болды.
Бостандыққа шығар алдында мекеме қызметкерлері сотталған азаматпен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, пробация қызметіне тіркелу тәртібі, мемлекеттік қолдау шаралары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамға сәтті бейімделудің маңыздылығы айтылды.
Бостандыққа шығу – жаңа өмірге жасалған маңызды қадам. Ең бастысы – өткеннен сабақ алып, адал еңбек етіп, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, заң талаптарын құрметтеу. Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту шаралары осы мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әрбір азаматқа өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік беріледі. Бүгін бостандыққа шыққан азамат үшін бұл – жаңа үміттің, жаңа мақсаттардың және жарқын болашаққа бастар жолдың бастауы.
Из одной студенческой аудитории — в один армейский строй. Десять выпускников колледжа из Шымкента, которые учились в одной группе, сегодня плечом к плечу проходят службу в стрелковом батальоне первой воинской части. Позади у новобранцев всего месяц службы, но они уже демонстрируют железную дисциплину. А в эти выходные ребят ждет самое важное событие — принятие военной присяги. Наш корреспондент продолжит тему.
Отныне ношение одежды с изображением государственных символов, а также продажа постельных принадлежностей в национальном стиле [с госсимволикой] запрещены законом. Нарушителям правил, осквернившим символы суверенитета, грозит крупный штраф в размере до 3000 МРП (месячных расчетных показателей) либо лишение свободы на срок до 2 лет. Но как же жителям правильно вывешивать флаг в своих домах? Подробнее об этом в нашем следующем материале..
Почти 78 миллиардов тенге на развитие своего дела! Именно такую колоссальную финансовую поддержку получили предприниматели Жамбылской области за последние полтора года. Основная миссия регионального Фонда«Даму» — содействие устойчивому развитию микро-, малого и среднего предпринимательства путем предоставления комплексных и эффективных инструментов государственной поддержки . И, похоже, с этой задачей здесь справляются успешно. Подробности в следующем материале
В акимате Жамбылской области прошло аппаратное совещание. На заседании под председательством акима области были всесторонне рассмотрены вопросы обеспечения пожарной безопасности в регионе и защиты лесного фонда от стихийных бедствий.
Бір аудиториядан – бір әскери сапқа. Шымкенттегі колледждердің бірінде бір топта білім алған он студент бүгінде әскери бөлімнің атқыштар батальонында иық тіресе қызмет етуде. Жаңадан келген сарбаздардың әскер табалдырығын аттағанына нeбәрі бір ай болса да, олар қазірдің өзінде темірдей тәртіпке бой үйретіп үлгерген. Ал алдағы демалыс күндері жігіттерді өмірлеріндегі ең маңызды сәт – әскери ант қабылдау рәсімі күтіп тұр. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Енді мемлекеттік рәміздердің бейнесі бар киім киюге, ұлттық нақыштағы көрпе-төсек саудалауға заңмен тыйым салынады. Ережені елемей, егемендік белгілерін қорлағандарға 3000 АЕК көлемінде ірі айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал тұрғындар туды өз үйлеріне қалай дұрыс ілу керек? Толығырақ арна тілшісі Сабина Орынбек тарқатады