28 Окт 2025, Вт

2025

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық оқиғаларының жиілеуіне байланысты, Жамбыл облысы Полиция департаменті аймақ студенттері мен оқушыларымен бірқатар алдын алу кездесулерін өткізуде. Кезекті түсіндіру іс-шарасы Тараз қаласындағы №66 орта мектепте өтті.

«ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Әулиеата — кітап оқитын өңір. Осы бастама аясында ауыл кітапханалары арасында «Ең үздік ауылдық кітапхана» атты облыстық байқау өтуде. Аталған байқауға Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасы қатысты. Байқау шарты бойынша  аталған кітапханада «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында атқарылған іс-шаралар түйінделді.

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

Отбасы – мемлекеттің іргетасы, қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Адам баласының өсіп-өнетін, тәлім-тәрбие алатын алтын ұясы саналатын отбасы институтының маңызын арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

АНА МЕН БАЛА – ӨҢІР МЕДИЦИНАСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Ана мен бала денсаулығы – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. ЖО бұл салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыстық перинаталдық орталықта 15 жылдан астам уақыт бойы пренаталдық және неонаталдық скринингтер тұрақты түрде өткізіліп, туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беріліп отыр.

ТЕЛЕГРАМ БОТ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУДА

Түркістан қаласында азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында тәжірибе қолданылуда. eGov KZ боты мен екі Telegram боты арқылы тұрғындар өз шағымдарын жолдап, жылдам кері байланысқа ие болуда. Нәтижесінде қызмет алушылардың бұзылған құқықтары дер кезінде қалпына келтірілуде.

«КЕНТАУ КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Кентау. Кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми конференция өтті. Жиынға қала тұрғындары, өңірден келген қонақтар және ардагерлер қатысты. Басқосуда Кентаудың тарихы, жеткен жетістіктері және алдағы даму бағыты талқыланды. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылып, қала тарихынан сыр шертетін құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.

КЕНТАУДА ЖАҢА САЯЖОЛ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында жаңа саяжол ашылды. Саяжол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрметті кенші Сақ Мауленқұловтың есімімен аталды. Салтанатты шараға қала әкімі, ардагер кеншілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңа демалыс орны тұрғындарға таза ауада серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласының ардагерлері мен үздік ұстаздарын марапаттады.