25 Авг 2025, Пн

2025

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАУЫНГЕРЛІК КЕЗЕКШІЛІКТЕ ҚАРСЫ АЛҒАН САРБАЗДАР

Жаңа жылды мерекелік дастарқан басында емес, жауынгерлік қызметте өткізетіндер қатарында – Қазақстан армиясының әскери қызметшілері де бар. Отан қорғаушылардың жауынгерлік кезекшілігі бір сәтке де тоқтамайды. Дәл осы сәттерде, ел 2024 жылдың соңғы минуттарын саралаған кезде, әскери қызметшілер азаматтардың тыныштығын қорғап, жауынгерлік кезекшілік атқарады.

МЕРКІДЕ ЖАҢА ЖЫЛДА ЕКІ БІРДЕЙ НЫСАН АШЫЛДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Меркі ауданында қос бірдей жаңа нысан мемлекет қолдауымен ел игілігіне берілді. Алдымен Аспара ауылында 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды.. Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек ауыл тұрғындарын қуанышпен құттықтап, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында осындай нысандарды ашу жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Б.ОРЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Тараз шаһарына жұмыс сапарымен бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаты Орынбеков Бекболат Серікбекұлы келді. Іс-сапар аясында қаладағы бірқатар нысанды аралап, жұмысымен танысты. Толығырақ алдағы сюжетте

Е. ҚАРАШӨКЕЕВ «ӘУЛИЕАТА – КІТАП ОҚИТЫН ӨҢІР» ЖОБАСЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Киелі Әулиеата өңірінде 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, бүгін «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Ғасырлар бойы адамзаттың рухани азығы болған кітап оқуды насихаттауға бағытталған шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен белсенді жастар қатысты.Толығырақ алдағы сюжетте

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІЛІС

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа теміржол желісі пайда болады. Жоба 2027 жылы жүзеге асады. Бұл екі елдің алыс-берісін арттырып, Сарыағаш – Ташкент бағытындағы станцияның жүк тасымалдау қуатын біраз жеңілдетпек.

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРХАНҒА ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЙСЫЗ?

Барлық отбасы қазір мерекелік дастарханға қоятын ас мәзірін әзірлеп, оған қажетті тағамдарды сатып алып жатыр. Әрине, әр отбасының ас мәзірі әртүрлі. Сүйікті тағамдары да талғамға қарай өзгеше.Ал осы дастархан мәзіріне жалпы қанша қаражат жұмсалады?Әріптесім біліп қайтты

ТАРАЗДА «ПОЛИЦЕЙ АЯЗ АТА» АРНАЙЫ МЕКТЕП ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырады.

МЕРКІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

 

Меркі ауданында жыл сайынғы дәстүрлі әкім шыршасы биыл да жоғары деңгейде өтті. «Үміт» оқушылар сарайында «Жаңа жыл – Республика төрінде» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, балалар үшін қызықты концерттік бағдарламалар мен ойындар өткізілді.Толығырақ алдағы сюжетте

ЖАҢА ЖЫЛ АЛДЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ

Жаңа жыл алдында Тараз гарнизонына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Султан Камалетдинов келді. Оның сапарының мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындық деңгейін мерекелік кезең жағдайында бағалау болды. Бас штаб бастығын сапар кезінде Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлері, Оңтүстік аймақтық қолбасшылығының әскерлері басшысы генерал-майор Ержан Ибраев бастап жүрді.