Таразда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде туризмді дамыту мәселелері, аудандарға жасалған іссапарлардың қорытындысы және алдағы уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Кәсіпкерлер форумына дайындық барысы талқыланды.
Бүгін Тараз қаласында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Аппараттық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жол құрылысы жұмыстарының ағымдағы жағдайы және алдағы қысқы кезеңге дайындық болды. Баяндаманы Облыс әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов жасады.
Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері грант иегерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіп ашуға қолдау алған азаматтардың жұмысының нәтижелері талқыланды. Жалпы жоба аясында сегіз тұрғынға 1 миллион теңгеден грант беріліп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Мұндай қолдау ауыл халқының табысын арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге бағытталған.
Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінде Төле би ауданының ұстаздар қауымын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Ауыл» партиясы ұйымдастырып, үлгілі ұстаз еңбегін ұлықтауды басты мақсат етті.
Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында – 1060, Азия біріншіліктерінде – 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктің кілтін табыстады.
Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылының 60 жылдық мерейтойы ауыл тарихындағы айтулы әрі есте қаларлық оқиға ретінде аталып өтті. Таңы арайлы, түні тыныш мекенге айналған Балтакөлдің 60 жылдық ғұмыры – еңбектің, бірліктің, татулық пен тірліктің шежіресі іспеттес.
Түркістан музыкалық драма театры жаңа маусымын олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өміріне арналған қойылыммен ашпақ. Премьера алдында театр ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесіп, дайындық барысын таныстырды. Бекзат драмасы спортшының өмірі мен рухын сахнада жаңғыртатын ерекше туынды.
Түркістан қаласында ауыл мәдениетін дамытуға бағытталған «Дәстүрлі ауыл мәдениетінің бастауы» облыстық байқауы басталды. Рухани құндылық пен халық шығармашылығының қайнар көзі саналатын ауыл мәдениетінің дамуына серпін беруді мақсат еткен бұл шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан қатысушылар жиналды.
В Таразе прошли совместные соревнования между кинологами силовых структур и гражданскими владельцами служебных собак. Цель — не просто продемонстрировать выучку и навыки, но и укрепить сотрудничество между профессионалами и любителями, занимающимися подготовкой четвероногих помощников.
В Таразе прошёл традиционный фестиваль классического искусства «Күзгі әуен», который в этом году впервые состоялся на международном уровне. Музыкальный вечер под открытым небом прошёл в парке Победы.