16 Окт 2025, Чт

2025

КЕНТАУДА ЖАҢА САЯЖОЛ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында жаңа саяжол ашылды. Саяжол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрметті кенші Сақ Мауленқұловтың есімімен аталды. Салтанатты шараға қала әкімі, ардагер кеншілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңа демалыс орны тұрғындарға таза ауада серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласының ардагерлері мен үздік ұстаздарын марапаттады.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА АЯҚ БАСТЫ

Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері грант иегерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіп ашуға қолдау алған азаматтардың жұмысының нәтижелері талқыланды. Жалпы, жоба аясында сегіз тұрғын 1 миллион теңгеден грант иеленіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Мұндай қолдау ауыл халқының табысын арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге бағытталған.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында 1060, Азия біріншіліктерінде 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.

БАЛТАКӨЛ — БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БЕСІГІ

Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылының 60 жылдық мерейтойы ауыл тарихындағы айтулы әрі есте қаларлық оқиға ретінде аталып өтті. Таңы арайлы, түні тыныш мекенге айналған Балтакөлдің алты онжылдық ғұмыры — еңбек пен бірліктің, татулық пен тірліктің шежіресі іспеттес.

«БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫНА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан музыкалық драма театры жаңа маусымын Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өміріне арналған қойылыммен ашпақ. Премьера алдында театр ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесіп, дайындық барысын таныстырды. «Бекзат» драмасы – спортшының өмірі мен рухын сахнада жаңғыртатын ерекше туынды.

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ӨТУДЕ

Түркістан қаласында ауыл мәдениетін дамытуға бағытталған дәстүрлі «Ауыл – мәдениеттің бастауы» облыстық байқауы басталды. Рухани құндылық пен халық шығармашылығының қайнар көзі саналатын ауыл мәдениетінің дамуына серпін беруді мақсат еткен шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан қатысушылар жиналды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында мәдениет саласының әлеуеті артып келеді. Театр, кітапхана және музейлерге келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейген. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мәдениет саласындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, нақты шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.