Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы жалпы білім беретін мектеп жаңа кейіпке енді. Күрделі жөндеуден өткен білім ордасы бүгінгі күнде заманауи талаптарға толық сай келеді. Мектептің сыртқы келбеті ғана емес, ішкі инфрақұрылымы да түбегейлі жаңарған. Әрбір сынып кабинеті жарық әрі кең болып, оқушылардың сапалы білім алуына ыңғайластырылған. Жаңарған спорт залдары, асхана және түрлі үйірмелер балалардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік беруде.
Түркістан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызмет көрсету сапасы талқыланды. Кеңесте бірқатар басшылардың есептері тыңдалып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Алматы қаласында өткен «GOLDEN GRACE 60+» Халықаралық би фестивалінен абыроймен оралған «Тұран» би тобының мүшелерін қабылдады.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл шара кітапханамен жақынырақ таныстыруға бағытталды. Балаларға кітап пен кітапхана ұғымының маңызы түсіндіріліп, қызығушылықтарын арттыру көзделді. Іс-шара барысында жас оқырмандар қазақ жазушыларының өлеңдерін жатқа айтып, өз қабілеттерін көрсетті.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінде білім ордалары заманауи технологиялармен жабдықталып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру көзделуде. Арнайы компьютерлік кабинеттер ашылып, сыныптарға интерактивті тақталар орнатылған. Сонымен бірге жасанды интеллект негіздері мен цифрлық бағдарламалар оқыту процесіне енгізілуде.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде өнер үйірмелері қарқынды дамып келеді. Оқушылар гитарада ойнап, фортепианода өнерін шыңдауда. Жас өнерпаздар топ болып түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мектеп қабырғасында бишілер де тәрбиеленіп, ұлттық өнерді дәріптеуде.
Қазіргі заманда жас ұрпақтың біліммен қатар психологиялық қолдауға да зәру екені анық байқалуда. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйі мен психикалық денсаулығы — қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласындағы Психологиялық қолдау орталығы дәл осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, қала мектептерімен тығыз байланыс орнатып отыр.
№35 жалпы білім беретін мектепте қыздарға арналған тігін үйірмесі тұрақты жұмыс істеп келеді. Мұнда жасөспірімдер тұрмыстық бұйымдар мен сәндік киімдерді өз қолымен тігіп, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Түркістан қаласында бой көтерген №35 жалпы білім беретін мектеп – жаңа заман талаптарына сай салынған білім ошағы. Мұнда оқушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу кабинеттері, кең спорт залы мен түрлі үйірмелер – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашып отыр. Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен ыңғайы үшін қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған.
Түркістан қаласында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында еңбек адамын ұлықтау, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру басты назарға алынды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбек құндылығы мен оның ел дамуына қосар үлесі жөнінде ой қозғады.