4 Ноя 2025, Вт

Октябрь 2025

ТҮРКІСТАНДА МӘМС ЖҮЙЕСІ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ — АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ БОЛУДЫҢ ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ЖОЛЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР.

ГЕПАТИТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ГИГИЕНА МЕН ЕКПЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысында А вирустық гепатитіне қатысты эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулардың ішінде бауырды зақымдайтын гепатит вирустары өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде кең таралғаны – А вирустық гепатиті. Мамандар инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіріп, тұрғындарды жеке гигиена ережелерін сақтауға және вакцина алуға шақырып отыр.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП, ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ НЫҒАЮДА

Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту және қала экономикасын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы орайда фараб әмбебап кітапханасында «мансап орталығының» ұйымдастыруымен «жұмысшы мамандықтар жылына» орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛАДЫ

2025 жылы елімізде алғаш рет 29 қазан – Кәсіпкерлер күні ресми мереке ретінде бекітілді. Бұл күн — еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып жүрген іскер азаматтарға деген құрметтің көрінісі. Мереке аясында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.

ТҰТАС АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ

Құсшы ата ауылында игі бастама басталды. Тұрғындар тұтастай ішімдіктен бас тартып, салауатты өмірге бет бұрды. Соның толығырақ тілшіміз баяндасын. Ауылда бүгінде бірде-бір дүкенде ішімдік сатылмайды. Саудагерлер мен жұрт бұл шешімді бірауыздан қолдаған. Ел ішінде татулық пен тазалықтың лебі сезіледі. Бастаманы ауыл имамдары мен ақсақалдар алға бастады. Олар жастарды тәрбие мен имандылыққа үндеп келеді. Осындай бірліктің арқасында ауыл ажары арта түсті.

МУЗЕЙДЕ ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР

ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙДЕ ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІРІМ» АТТЫ КӨРМЕНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ. ШАРА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛІП, МУЗЕЙ ІСІНЕ ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ЕҢБЕГІН СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ЖАНАШЫРЫ — РАХИЯ ЖҮЗБАЕВА СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ.

МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІН БЕРУДЕ

Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында жұмыс істейтін «Ырыс» микроқаржы ұйымы биыл да белсенді қызмет атқаруда. 2009 жылдан бері 73 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 25 мыңнан аса жоба қаржыландырылды. Ал биылдың өзінде 4,9 миллиард теңгеге 600-ден астам жоба қолдау тауып отыр.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп отырған «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы өңір экономикасының басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландырып келеді. Серіктестік кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, өңірдің даму бағдарламаларына енген жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуда.