Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында ұлттық рух пен сөз өнерін дәріптеген ақындар айтысы өтті. Жыр додасында елдің түкпір-түкпірінен келген 16 танымал айтыскер бас қосып, өнер бәсекесіне түсті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Кентау қаласы Қарнақ ауылында қаланың 70 жылдығы және 25 қазан – Республика күніне орай “Қозғалыс – өмір көзі, спорт – денсаулық кепілі!” ұранымен жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Марафонға 10 жастан 70 жасқа дейінгі қала және ауыл тұрғындары қатысып, 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.
Киелі Түркістан қаласында қазақ күресінен 13-ші Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Рухани астанада ұйымдастырылған бұл дүбірлі додада құрлықтың әр түкпірінен келген балуандар боз кілемде бақ сынауда.
Кентау қаласында Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылып, қала кітапханаларының қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері бас қосты.
Кентау қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу мен ел бірлігінің айқын көрінісі болып табылады.
Қазақ елінің ұлық мерекелерінің бірі – Республика күні Кентау қаласында ерекше рухпен аталып өтті. Таң шапағы енді ғана ата бастаған сәтте қала тұрғындары мен қонақтары Көктөбе биігінде бас қосып, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптеген салтанатты шараға куә болды.
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп отырған «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы өңір экономикасының басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландырып келеді. Серіктестік кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, өңірдің даму бағдарламаларына енген жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуда.
Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында жұмыс істейтін «Ырыс» микроқаржы ұйымы биыл да белсенді қызмет атқаруда. 2009 жылдан бері 73 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 25 мыңнан аса жоба қаржыландырылды. Ал биылдың өзінде 4,9 миллиард теңгеге 600-ден астам жоба қолдау тауып отыр.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ұлттық спортты дәріптеу мақсатында командалық көкпар жарысы ұйымдастырылды. Аталған сайыс Республика күні мен қаланың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп, көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Келес аудандық мәдениет үйінде мүгедектігі бар балаларға арналған ерекше әрі әсерлі шара өтті. Бұл күні сахна төрінде қуыршақтар сөйлеп, ертегі кейіпкерлері тіріліп, балалардың жүзінде шынайы күлкі мен қуаныш ойнады. Қуыршақ театрының бұл қойылымы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қатысуымен ұйымдастырылды.