Күн сәулесі терезеден сығалап, ақ параққа түскен жарықта қарындаш сызығы жылжиды. Бұл — 13 жасар Жанғали Басымбек. Ол сурет салып отыр. Әр қимылы мұқият, әр сызығы мағыналы. Өйткені оның әр суреті – өзінің кішкентай әлемі, өз қиялы мен үмітінен құралған ерекше өмір парағы.
Шолаққорған ауылында сабыр мен еңбекті серік еткен, өз ісіне адалдығымен танылған ерекше жан тұрады. Ол – тігінші Жақсыбаева Малина. Өмірдің түрлі сынақтарына мойымай, шеберлігін шыңдап, кәсібін дөңгелетіп отырған еңбекқор әйел бүгінде ауыл тұрғындарының сенімді тігіншісіне айналған.
Бәйдібек ауданының бір бұрышында 55 жастағы Сәкен Асанов өмірдің қиындықтарына қарамастан талмай еңбек етуді таңдап, өзінің нағыз күшін көрсетті. Ол – 2 топтағы мүгедек, тоқішек ауруымен ауырады. Бірақ бұл сырқат оның жан дүниесін, армандарын немесе еңбекқорлығын ешқашан шектемеген. Керісінше, Сәкен үшін әр қиындық – жаңа мүмкіндікке жол ашатын сынақ.
Бәйдібек ауданында өз еңбегімен үлгі болған әлеуметтік кәсіпкер Фатима Айтеева өмірлік қиындыққа мойымаған жандардың бірі. Ол жастайынан тігін өнерін меңгеріп, осы істі өз кәсібіне айналдырған. Мүгедектігіне қарамастан, мемлекеттік грант ұтып алып, кішігірім тігін орнын ашқан. Қазір ол құрақ көрпе тігіп, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында қайтарымсыз гранттар бөлініп жатыр. Бұл бастама – жаңа бизнес көзін ашып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды мүмкіндік. Гранттың мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті, яғни 1 миллион 572 мың теңгені құрайды. Қаржы ісін енді бастаған азаматтарға өз кәсібін жолға қоюға және тұрақты табыс табуға жол ашады.
14 жасар Робия Гафурова – кішкентай болса да, өмірге деген ерекше құштарлығы бар қыз. Ол мүгедектер арбасына таңылған, бірақ бұл шектеу оның армандары мен ішкі дүниесін ешқашан тежемеген. Робияның әр күні – үміт пен талпыныстың көрінісі. Әр таңында ол үйде оянып, өзінің сүйікті ісі – өлең оқуға уақыт бөледі. Өлеңдер оның жүрегіндегі сезімдерді жеткізуге, ойларын жүйелеуге, өмірге деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.
Келес ауданының самалы соққан Абай ауылында Анар Жұмалиева есімді әже тұрады. Жасы жетпіс үшке таяған бұл кісінің өмірі бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, жүрегінде талай тағдырдың ізі сайрап жатыр. Анар әже – көпті көрген, сабыр мен мейірімнің символындай қария.
Шолаққорған ауылында өз еңбегімен елге шипа сыйлап жүрген ерекше жан бар. Ол – Тастанов Қажыгелді. Өмірдің түрлі сынағынан сүрінбей өткен ол бүгінде Созақ аудандық ауруханасында массаж және физиотерапиялық ем жүргізіп келеді. Туа біткен денсаулық қиындығына қарамастан, ол өмірге деген жігері мен мейірімі арқылы көпке үлгі болып отыр.
Созақ ауданының Шолаққорған ауылында өмірдің сынағына мойымай, өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген жандар бар. Солардың бірі – Бақыт Смахова. Ол бастаған тігін тобы бүгінде он екі адамды жұмыспен қамтып, отбасыларына тұрақты табыс әкеліп отыр. Олардың бәрі – ерекше жандар. Күнделікті өмірдегі қиындықтарға қарамастан, өз күшіне сеніп, еңбек арқылы өмірдің мәнін тапқан азаматтар.
Түркістан қаласындағы “RESPUBLICA” партиясының облыстық филиалында облыстық партия филиалының төрағасы Бекжан Айткуловтың төрағалығымен өңірлік кеңес пен Іскер әйелдер қауымдастығының бірлескен отырысы өтті. Шараға партия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, кәсіпкерлер мен белсенділер қатысты.