Қазіргі заманның жаһандану үрдісі мен технологиялық дамуы адамзаттың күнделікті өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізіп жатыр. Осындай өзгерістер кезінде ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және ең бастысы – отбасылық құндылықтарды сақтап қалу — аса маңызды мәселе. Бұл істе отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз рөлін атқарады, алайда ананың орны мен баланың тәрбиесі ерекше мәнге ие.
Отбасы – тәрбие мен мәдениеттің негізі. Қоғамдағы тұрақтылық та осы отбасынан басталады. Осы бағытта Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығы отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірқатар іс-шаралар атқаруда. Мұнда жастар мен ата-аналарға арналған семинарлар, психологиялық кеңестер, ұлттық дәстүрге негізделген бағдарламалар өткізіліп келеді. Толығырақ алдағы сюжетке
Жазғы демалыстың соңғы айлары оқушылар үшін қызықты естеліктерімен артта қалса ата-ана баланы сабаққа әзірлеуді бастайды. Ал білім ошақтары оқушыларды жаңа оқу жылына қабылдауға дайындалады. Биылғы қыркүйекте Жамбыл ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар бірқатар нысандарда қосымша асхана, спорт зал, ойын алаңдары күрделі жөндеуден өткізілді. Толығырақ алдағы сюжетте!
Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Бұл мереке – кәсіби спортшылардан бастап сала ардагерлері мен белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтарды біріктіретін күн. Салауатты өмір салтын насихаттайтын атаулы күн қарсаңында Тараз қаласында салтанатты жиын өтіп, оған спорт ардагерлері мен жас чемпиондар қатысты.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Арнаулы әлеуметтік қызметкерлер әр отбасының жағдайын ескеріп, үйлеріне барып кешенді көмек көрсетеді. Бұл көмектің ауқымы тек тұрмыстық және медициналық қолдаумен шектелмейді – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қоғам өміріне бейімдеу, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және ата-аналарға кәсіби кеңес беру сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударылып келеді. Мұнда тек материалдық көмекпен шектелмей, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасалады. Ал әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы — тек кәсіби міндет емес, шынайы жанашырлық пен жауапкершілікті талап ететін күрделі іс.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік қолдау мен қамқорлық – бұл өңірде тек мемлекеттік міндет қана емес, қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналған.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді. Мемлекет ұсынған бұл қызмет түрлері тек баланың күнделікті қажеттілігін өтеумен шектелмей, олардың дамуына, қоғамға бейімделуіне және ата-аналарының жүгін жеңілдетуге бағытталған. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың бірі – аудан тұрғыны Рудана Анарбаеваның отбасы.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар балалар-басты назарда. Бұл игі істің мақсаты – олардың өмір сапасын арттырып, қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Әлеуметтік қызметкерлер апта сайын әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, кешенді көмек ұсынады.
Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби тұрғыда қолдаудың нақты үлгісі қалыптасқан. Солардың бірі – Ырыскүл Маратова. Ол кондитерлік салада кәсіп ашып, нан өнімдерін дайындаумен айналысады және жақында қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл қадам тек жеке өмірін жақсарту емес, қоғамға бейімделу және өз қабілетін толық іске асыру жолында маңызды бастама болып отыр.