24 Авг 2025, Вс

Август 2025

ФУТБОЛ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОСТЫҚТЫҢ АЛАҢЫ

Тараз қаласында футболдан ардагерлер арасында Қазақстан мен Грекия құрамаларының қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған  «Достық» халықаралық турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты – футболды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ЖАБАЙЫ ҚАРАСОРА ЖОЙЫЛДЫ

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Жамбыл облысы аумағында 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар мен «Заң және тәртіп» бағдарламасына сәйкес «Қарасора-2025»республикалық ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

ӨҢІРЛІК АҚПАРАТТА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

Өңірлік телеарналардың басты мақсаты – халыққа шынайы ақпарат жеткізу. Бүгінде аймақ журналистикасы тек жаңалық берумен шектелмей, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, түрлі аудиторияға арнап мазмұнды жобалар ұсынып келеді.

ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫҢ ОРДАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Бүгінгі қоғамда отбасы — мемлекеттің кішкентай бір бөлшегі. Оның тұтастығы мен беріктігі елдің болашағына тікелей әсер етеді. Алайда, қазіргі таңда ажырасу деген ұғым жиі естіліп, көптеген отбасылардың шаңырағын шайқалтуда. Бұл тек ерлі-зайыптылардың ғана емес, ең алдымен, балалардың тағдырына кері әсерін тигізетін өзекті мәселе.

ЕЛ ШЕБІНДЕГІ АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

Әскери шекарашылар — бұл мемлекеттік шекараны күзетіп, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылым. Қазақстанда бұл қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қарамағында. Әскери шекарашылардың негізгі міндеттері қандай? Бұл сұраққа жауап алу үшін тілшіміз мамандармен тілдесіп қайтты. Толығырақ алдағы сюжетте.

ШАРДАРАДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облысының Шардара ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бас су торабындағы мәселелер шешіліп, жағдай бақылауда. Арнайы штаб құрылып, сала мамандары нақты шараларды іске асыруда.

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАРҒА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 1147 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның 188-і — мемлекеттік, 959-ы — жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Аппарат мәжілісінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров заңсыз құрылыстардың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 180 АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы жартысында 180 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Бұл – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Құқықтары бұзылған тұрғындар «Е-otinish» және өзге де электронды платформалар арқылы өтініш берген.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КІТАПХАНАЛАР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАҢА ЖОСПАРЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ

Түркістан облысында 388 кітапхана 2025 жылғы жұмысын қорытындылады. Биыл кітап қорын толықтыру, оқырман санын арттыру және мәдени-танымдық жобаларды жүзеге асыруда ауқымды істер атқарылды. Солардың ішінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының үлесі ерекше.