27 Авг 2025, Ср

Август 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысы — тарихи-мәдени мұрасы бай, ашық аспан астындағы мұражай іспетті аймақ. Биылғы алғашқы алты айда өңірдің туризм саласында оң өзгерістер байқалып отыр. Туристер ағыны мен қызмет көрсету көлемі артып, жаңа демалыс орындары іске қосылды.

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ

Күні кеше Шымкент қаласына аялдаған Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бағдарлама аясында олар ресми кездесулер өткізіп, тарихи-мәдени нысандар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Түркістан облысында “Учаскелік полиция инспекторы – қауіпсіздік кепілі” атты ауданаралық жиын өтті. Шарада құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі учаскелік инспекторлардың рөлі талқыланды.

АРЫСТА 600 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Өңір басшысы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан жаңа білім ошағының құрылыс алаңын аралады. 600 оқушыға арналған бұл мектеп заманауи талаптарға сай бой көтеруде.

ОБЛЫС ӘКІМІ АРЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласындағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Өңір басшысы өндіріс орындарын аралап, кәсіп иелерімен пікір алмасты. Кәсіпорындардағы өндіріс көлемі мен жаңа жобаларға ерекше назар аударды.

АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өткізді. Жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен алдағы жоспарлар талқыланып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРЕДІ

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Құжат салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, салық түрлері мен есептілік көлемін айтарлықтай қысқартады.

«BEREKE BANK» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕНІМДІ СЕРІКТЕС БОЛУДА

Түркістан қаласында кәсіпкерлерге арналған маңызды семинар өтті. Bereke Bank ұйымдастырған жиында салық кодексіндегі соңғы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Семинарға қатысушылар заңнамадағы жаңалықтар жайлы пайдалы ақпарат алды.

БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ 907 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕГІЛДІ

үркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл егіс алқаптарының көлемі 907 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға артты. Бұл – жаңа су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесі.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮЛКІБАСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Түлкібас ауданында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріп, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және экономика салаларын әртараптандыруға ерекше тоқталды.