8 Сен 2025, Пн

Июль 2025

ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Елтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан «Бабалар үні» байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен байқау этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін, мемлекеттік тілді насихаттау, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН ПОШТАШЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында халыққа пошта қызметін сапалы жеткізіп жүрген білікті мамандар аз емес. Солардың бірі — Қазпоштаның тәжірибелі қызметкері Гульбану Исабекова. Ол бұл салада он сегіз жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ

Жазғы демалыс күндері Түркістан қаласының оқушылары бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге жақын ортада тәрбиеленіп жүр. Түрлі шығармашылық үйірмелер қатарында ұлттық аспабымызды дәріптейтін домбыра сабағы балалардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.

ӨНЕР ҰЯСЫ: КЕСТЕ МЕН ТОҚЫМАҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

Бәйдібек ауданында ашылған Safi_art_madeniet шығармашылық орталығы небәрі бір жылдың ішінде қолөнер үйірмесі бойынша аудандық және облыстық іс шараларға қатысып бас жүлде иегері болып жүр.Балалар мен жастардың сүйікті ордасына айналды. Орталық жанынан қолға алынған «Қолөнер» үйірмесі ұлттық дәстүрді дәріптеп, қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне жол ашпақ.

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДЕРІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының көшпелі отырысы өтті. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында БАҚ өкілдерінің рөлін арттыру болды.

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ: ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫ ЖОБАСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс сапарымен Отырар ауданына барып, өңірде табысты жұмыс істеп жатқан «Lihua Spinning Technology» шетелдік кәсіпорнының қызметімен танысты. Қытайлық инвесторларға тиесілі бұл тоқыма өндірісі – аудандағы ең ауқымды және болашағы зор инвестициялық жобалардың бірі саналады.

ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР БЕКІРЕ, ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН ӨСІРУДЕ

Осы апта Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке елімізде жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Өздеріңізге белгілі Балық шаруашылығы – әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Ал Түркістан облысының Төле би ауданында бекіре, форель өсіретін өрендер бар.

«ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА»

Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Әкімдік өткізген кезекті аппарат мәжілісінде жылу жүйелерінің жай-күйі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығы пысықталды. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров бұл мәселелерді жеке бақылауына алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

ӨНЕР ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ДОМБЫРА

Бәйдібек ауданында бастама алған Safi_art_madeniet шығармашылық орталығы ашылғанына енді ғана 2 жыл болса да балалар мен жастардың сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Орталықтың аяқ алысы жаман емес. Бүгінде бірнеше бағыттағы үйірме жұмысын жолға қойылған. Оның ішінде ұлттық өнерді ұлықтайтын домбыра үйірмесінің орны айрықша.

БИЗНЕСКЕ БӨГЕТ БОЛЫП ТҰРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Бизнесті тұралатып тұрған кедергілер!!! Отырарда өткен кездесуде Арыс және Отырар кәсіпкерлері түйткілді мәселелерін ашық көтерді. Жер телімі — қол жетпес арман, субсидия — тек сөз жүзінде, ал инфрақұрылым — аты бар да, заты жоқ. Бұл — Арыс қаласы мен Отырар ауданында жүрген кәсіпкерлердің жанайқайы.