Июль 2025
ТҮРКІСТАНДА «ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ» МАУСЫМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан қаласында кіші футболдан өткен «Әуесқой Футбол Лигасы» 2025 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шара Ұлы Дала Елі орталығында ұйымдастырылып, спорт сүйер қауымның басын қосты.
АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Түркістан облысында аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностика жұмыстарын күшейтуге басымдық беріліп отыр. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 миллион доза вакцина егіліп, жоспардың 83 пайызы орындалды. Облыс әкімдігі жиынында осы салада атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер талқыланды.
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 286 дерек тіркеліп, оның ішінде 118 жағдай бойынша әкімшілік шаралар қолданылып, 29 факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы кеңес отырысы ұйымдастырылды.
ҚАЗАТА ҚОЖАЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан «Қазата» шаруа қожалығы Байсары тұқымды қой өсіру арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып келеді. Шаруа қожалықтың иесі — Қанат Алпысбае. Ол қой шаруашылығын 1997 жылдан бері қолға алып, бұл салада үздіксіз еңбек етіп келеді.
«СЕРПІНІҢ» СЕРПІНІ ҚАНДАЙ?
Түркістан қаласында еліміздің жетекші өңірлік университеттері қатысқан брифинг өтті. Жиында университет өкілдері өз оқу орындарының басты артықшылықтарын ортаға салып, талапкерлерге жасалып жатқан мүмкіндіктерді таныстырды. Сонымен қатар, олар құжат қабылдау тәртібін түсіндіріп, ата-аналар мен үміткерлердің сұрақтарына нақты жауап берді.
«WOOSONG UNIVERSITY» ҚҰРЫЛЫСЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ
Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай Woosong University Kazakhstan оқу ордасы өз жұмысын бастайды. Құрылысы толық аяқталған заманауи ІТ университет қазір талапкерлерді қабылдауда. Осыған байланысты Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттар университеттің жұмысымен танысты.
ТҮРКІСТАНДА САМБОДАН ӨТКЕН ЧЕМПИОНАТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қатысуымен тартысты сайыс өтті. Жарыстың мақсаты 6655 әскери бөлімінде қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздарды еске алу. Екі күнге созылған спорттық және жауынгерлік самбодан жеке-командалық чемпионат өз мәресіне жетті.
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістанда борышкерлерге және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ауқымды шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Шараны Түркістан қалалық прокуратурасы мен қалалық Мансап орталығы бірлесе өткізді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛУШІ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТТЫ
Түркістан облысы соңғы жылдары ішкі және сыртқы туризмнің орталығына айналып келеді. Өңірге келуші туристердің саны айтарлықтай артып отыр. Биылғы 5 айда тарихи орындарға 424 мыңға жуық адам саяхаттаған. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға көп. Ал табиғи аумақтарға келгендердің саны екі есеге өсіп, 58 мың адамға жетті.