Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, аудан активімен кездесті. Жиында өңірдің экономикалық, туристік және инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру жолдары сөз болды. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістанда мүмкіндігі шектеулі отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қайырымдылық қоры табыстаған бұл үй – қордың 50-ші игі жобасы. Ардагер Арман Ахлиддинов пен жұбайы Ленаға тарту етілген баспана – өмірдің қиындығына мойымаған жандарға арналған үлкен қолдау.
Түркістан төрінде тағылымды тәліммен астасқан жазғы лагерь жұмысын бастады. Жас буынның жүрегіне иман ұялатқан бұл шара – рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Балалар біліммен қатар ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, салт-дәстүрмен сусындауда.
Түркістанның тасы ерекше энергия береді. Бұл «Қуаныш» лагерінде демалып жүрген батыстық балалардың сөзі. Олар жазғы демалысты киелі мекенде өткізуге ат терлетіп Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сынды қалалардан келген. Тіпті аз уақыт ішінде Түркістанның тарихыменде танысып үлгеріпті.
Төлеби ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудандағы мектеп, тұрғын үй және колледж ғимараттарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы нысандардың сапасы мен уақытында пайдалануға берілуіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер әрі қаржыгер, «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы Тимур Турловпен кездесті. Басқосуда өңірде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, соның ішінде ІТ саласы мен жаңа технологияларды енгізу мәселелері сөз болды.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі – еліміздегі тарихи-мәдени нысандардың бірі. Бұл музей — ұлттық қолөнер мен өңір тарихын ұрпаққа жеткізетін бірегей рухани орда. Музейдің іргетасы кеңес дәуірінде қаланған.
«Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» атты Шаян ауылында мәдениет үйінде форум өтті. Шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Форум Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау және зиянды әдеттерге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркия Республикасының инвесторымен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді. Кездесу барысында өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық әріптестікті нығайту мәселелері сөз болды.
Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы кешенді шаралар жалғасуда. Өңірде 781 елді мекенде кенелерге барлау жүргізіліп, 62 мыңнан астам кене сынамасы алынған. Зерттеу нәтижесінде 136 кене үлгісінен қауіпті дерттің қоздырғышы анықталған.