2025 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облысы аумағында 203 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Өкінішке қарай, тілсіз жау үш адамның өмірін жалмап, тағы төртеуі түрлі жарақат алған. Мамандар өрттің алдын алу үшін ең алдымен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып отыр.
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында жаңа экспозициялық кеңістік жасақталды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты, кейбір құнды жәдігерлер арнайы залда көпшілікке ұсыныла бастады.
Түркістанда үздік оқырмандарға арналған арнайы сыйлықтар дайындалып жатыр. Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жаз бойы белсенді оқырмандарды іріктеп, тамыз айының соңында бағалы сыйлықтар табыстауды жоспарлап отыр.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өңірлік Жол картасына енген ірі спорт нысандарына бақылау жүргізді. Қаланың бірнеше аумағында салынып жатқан кешендердің құрылыс барысын арнайы комиссия мүшелері мен мәслихат депутаттары аралап көрді.
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде өтіп келеді.Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті қабылдауын өткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Қабылдауға бірнеше аудан, қала тұрғындары келіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді.
Қазақ даласының інжу-маржаны – Қаратау қорығына еліміздің саяси басшылық құрамынан мәртебелі меймандар табан тіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістан өңіріне арнайы сапары аясында Қаратаудың баурайына барып, табиғаттың тылсым сырын бойына жасырған Қаратау қорығымен танысты. Экс-министрмен қоса Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бұл сапарда өңірдің биік рухы мен бай табиғатына терең бойлады.
Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп – сапалы білім беріп қана қоймай, өнер мен спортта да үздіктерді тәрбиелеп келе жатқан білім ордасы. Бүгінде бұл мектептен түлеп ұшқан түлектердің көбі республикалық деңгейде танылып жүр. Биыл мектепті 29 оқушы тәмамдаса, олардың барлығы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, 3 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал спорт бағыты бойынша Мағжан Байдулла – ерекше мақтаныш.
Түркістан облысы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада 1-орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118%-ды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде мәлім болды.
Түркістандық жасөспірімдер тек оқу озаты ғана емес, өнер мен шығармашылықта да биіктен көрініп келеді. Солардың бірі – Дария Сарсенбай. Ол оқушылар сарайындағы би үйірмесіне қатысып, таланты мен еңбегінің арқасында көзге түсіп жүр.
Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Абысын-ажын» атты облыстық байқау өтті. Шараны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы мен Шардара аудандық «Арулар» әйелдер кеңесі ұйымдастырған.