9 Сен 2025, Вт

Июль 2025

«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР»

Қарт Қаратаудың етегі Қарнақтағы «Үргер» жазғы сауықтыру лагерінде «Ынтымағы жарасқан жастар» тақырыбында Кентау қаласы мен Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлт бірлігі мен қоғамдық келісімді насихаттау, жастар арасында достық пен татулықты нығайту.

«РАПСОДИЯ» БИ ҰЖЫМЫ – ӨНЕР МЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖАРАСЫМ ТАПҚАН ҮЛГІСІ

Кентау қаласының мәдени өмірінде ерекше орын алатын «Рапсодия» би ұжымы — ұлттық және заманауи би өнерін ұштастыра білген шығармашылық ұжым. Бұл ұжым өз ісіне адал, өнерге шын берілген кәсіби бишілер мен талантты жас өнерпаздардан құралған. Ұжымның басты мақсаты — қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттап, әлемдік деңгейде би өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті ұрпақ тәрбиелеу.

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бюджет кодексі күткен нәтижені беріп жатыр ма? Осы сұраққа жауап іздеген Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Түркістан облысының Экономика басқармасына арнайы келіп, саланың білікті мамандарымен кездесті. Биыл қолданысқа енген бюджет кодексінің нақты іске асуын бақылау аса маңызды. Сондықтан оның тиімділігін, жетілдіру жолдарын атқарушы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен сұрау – заңдылық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА АГРОЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

Ауыл шаруашылығы саласында тың бастамалар жүзеге асып келе жатыр. Түркістан облысына іс сапармен барған мәжіліс депутаттары өңірдегі жаңа жылыжай кешендерінің жұмысымен танысты. Қайнарбұлақ ауылдық округінде ашылған банан өсіру жобасы – еліміз үшін ғана емес, бүкіл ТМД аумағы үшін бірегей жоба саналып отыр.

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында ауылдық округ әкімдерінің облыстық форумы өтті.
Жиынды «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бірқатар басқарма басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

ӘСИЯ АСЫЛХАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Шахмат керуені» жобасы бүгін Сауран ауданында жалғасын тапты. Түркістан облыстық филиалы мен Сауран ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара жас шахматшылардың шеберлігін шыңдап, зияткерлік ойынды дәріптеуді мақсат етті.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢАРТЫЛҒАН МЕКТЕП

Түркістан қаласында биыл төрт мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы. Мектеп 1989 жылы пайдалануға берілген бұл білім ұясында бүгінде 1800-ден астам оқушы білім алуда. Отыз алты жылдан кейін алғаш рет үлкен жөндеуге кіріскен мектептің жағдайын көрейік.

«КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

үркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өз мәресіне жетті. Қасиетті күй өнерін дәріптеуді мақсат еткен бұл байқауға еліміздің әр өңірінен келген домбырашылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Өнер додасының шымылдығын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес елді мекендерді көркейту, тұқымбақтарды дамыту, шегірткемен күресу және сасық кеурек өсімдігін қазу жұмыстарына тоқтау салу бағытында семинар-кеңес өтті. Семинар барысында көгалдандыру жұмыстарының қазіргі ахуалы, елді мекендердегі ағаш өсірудің проблемалары сараланды.

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП, МЫЗҒЫМАС РУХ: 23 ШІ СПАРТАКИАДАДА МЫҚТЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Оңтүстік өңірлік қолбасшылықта әскери қолданбалы спорт түрлерінен 23-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Жарыс жауынгерлік дайындықты шыңдауға, әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін арттыруға бағытталып отыр.