Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі түрде өтетін «Ақ жол, Ясауи түлегі – 2025» атты салтанатты марапаттау кеші өтті. Аталған шарада үздік және белсенді бітіруші түлектерге диплом табысталды.
Түркістан қаласында этнос өкілдері арасында «Үкілі домбыра» атты байқау өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға өңірдің түрлі аудандарынан келген дарынды өнерпаздар қатысты.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жаңа тұрғын үй кешендері салынып, кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер табысталуда. Бұл — халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
Салтанатты шарада облыс әкімі бірқатар еңбек озаттарына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгілерін, сондай-ақ министрдің Құрмет грамотасын табыс етті. Бұған қоса, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев ерекше еңбегімен көзге түскен азаматтарға министрдің Алғыс хатын табыстады.
Қаламызда ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – рухтың үні» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға мәдениет саласының өкілдері, ұстаздар, өнерпаздар мен қала тұрғындары қатысты.
Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорнының жаңа уран өңдеу зауыты – «Оңтүстік Төртқұдық» іске қосылды. Ауқымды инвестициялық жобаның ашылуына өңір әкімі Нұралхан Көшеров, Францияның Қазақстандағы елшісі мен «Қазатомөнеркәсіп», «Orano Mining» компанияларының басшылары қатысты.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан және заңға сәйкес келмей игерілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылуда. Облыс әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық кіші топ аталған бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Түркістан қаласындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейітжан арнайы келді. Халық қалаулысы оңалту орталығының жұмысымен танысып, басшылық және қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, аудан активімен мәжіліс өткізді. Жиында өңір басшысы аудан экономикасын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Негізінен уран өндірісіне тәуелді ауданның аграрлық секторы кенже қалып отырғанын айтқан әкім, жаңа жобалар мен инвестициялар тарту қажеттігін ескертті.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесіп, өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндады. “U-UMAX Group” компаниясының өкілдері аймақпен іскерлік байланыстарды кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқаны айтыла отырып, тараптар болашақта өзара тиімді серіктестікке дайын.