Түркі әлемінің рухани астанасында орналасқан Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл да білімге құштар мыңдаған жас оқу ордасына келіп, болашағына бағыт іздеуде. Олардың бірі түркістандық түлек — Бақдәулет Қаныбек. Бүгінде түлектердің қай мамандықты көбірек таңдауда?
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жеке-командалық чемпионаты басталды. Чемпионатты Ұлттық ұланның Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы мен 5574 әскери бөлімі ұйымдастырды. Жарыстың алғашқы күні салтанатты түрде ашылып, қатысушыларға бақ сынасуға кірісті.
«Jas Keñes Sıylığı» — ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық — еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады. Бұл туралы баспасөз алаңында ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Озода Маннопова мәлімдеді.
Түркістан облысы ел тарихында тұңғыш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізді. Бұл бастама мақта шаруашылығының дамуына тың серпін беруде. Осы орайда Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
Түркістандағы Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында орналасқан саз балшық үйірмесіне ай сайын 200-ге жуық бала қатысады. Әсіресе сабақтан кейін келетін оқушылардың саны аз емес, себебі үйірме кітапхана ішінде өтеді. Балалар бос уақыттарын осылайша тиімді әрі қызықты өткізуде.
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Созақтан Түркістанға» атты мәдени-тарихи экспедицияға арналған брифинг өтті. Шара барысында экспедицияның қорытындылары жарияланып, жоба аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарын іске қосу жұмыстары жалғасуда. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында жобаларды жүзеге асыру барысы мен түйіткілді мәселелер талқыланды. Әкім жауапты басшыларға өндіріс ошақтарын дер кезінде іске қосып, экономиканың дамуына серпін беретін жобаларды жеделдетуді тапсырды.
Бәйдібек ауданына қарасты Мыңбұлақ ауылында өткен айда пайдалануға берілген «Рахат» жазғы демалыс аймағы бүгінде ауыл тұрғындарының жиі келетін тынығу орнына айналды. Ашылғанына небәрі бір ай болса да, демалыс аймағы белсенді түрде жұмыс жүргізіп, ауыл халқының үлкен қолдауына ие болып отыр.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Шанхай аймағынан келген инвесторларды қабылдады. Кездесуде өңірдің өндірістік, туристік және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Тараптар туризм, ауыл шаруашылығы, терең өңдеу және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Түркістан облысында су шаруашылығы және ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара өтті. Жиынға сала мамандарын құттықтау үшін облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, еңбек иелеріне ізгі тілегін білдірді.