Руководители управлений продолжают подводить итоги и отчитываться за прошедший год. Сегодня департамент экологии доложил о проделанной работе за 2023 год и предстоящих задачах на брифинге. Так, в прошлом году отделом экологического контроля было проведено 15 внеплановых проверок, в результате которых выявлено 15 фактов нарушений и выдано 10 предписаний. Подробнее в материале.
Вчера в центре «Руханият және тарихтану» сотрудники и читатели областной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан ознакомились с новыми произведениями молодого поэта Хамита Есамана и приняли участие в церемонии презентации книги «Жас акын толгайды». Встреча была организована в формате «100 вопросов поэту».
Состоялось открытие международного турнира по боксу среди молодежи 2006-2007 годов рождения, организованное Жамбылским профессиональным боксерским клубом в память мастера спорта СССР, заслуженного тренера Казахской ССР Кенеса Омарова. За приз поборются сборные Узбекистана, Кыргызстана, Таджикистана, Китая и мастера кожаной перчатки из разных регионов Республики Казахстан.
Қала әкімі өткен жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің алдында есеп берді. Шаһар басшысы баяндамасында әлеуметтік-экономикалық даму жайында айтты. Тараз қаласында 2023 жылы өнеркәсіп көлемі 462,7 млрд. теңгеге орындалған. «Тараз» индустриалды аймағында 2024-2026 жылдары жеке инвесторлар тарапынан құны 82,1 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылады. Бұл жоспарлардың тек бір бөлігі ғана. Толығырақ Тахмина Тәліпжанның материалы.
Күні кеше Руханият және тарихтану орталығында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары жанына қаламын серік еткен жас ақын Хамит Есаманның жаңа туындыларымен танысып, «Жас ақын толғайды » атты кітабының тұсау кесу рәсіміне қатысты. Кездесу «Ақынға 100 сұрақ» форматында ұйымдастырылды.
Басқарма басшыларының өткен жылды қорытындылап, есеп беруі жалғасуда. Бүгін экология департаменті 2023 атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерін баспасөз брифингінде баяндады. Мәселен, былтыр экологиялық бақылау бөлімі жоспардан тыс 15 тексеру жүргізіп, нәтижесінде бұзушылықтардың 15 фактісі анықталып, 10 нұсқама беріліпті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Жамбыл кәсіпқой бокс клубының ұйымдастыруымен КСРО спорт шебері, Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңес Омаровты еске алуға арналған бокстан 2006-2007 жылы туған жастар арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жүлдеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай мемлекеттерінің құрамалары және Қазақстан Республикасының әр аймағынан келген былғары қолғап шеберлері таласады.
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында облыс әкімі «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бойынша баяндама жасады.
Абай облысында тұрақсыз ауа райы байқалады, ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейіп тұр. Қауіпсіздік мақсатында бүгін сағат 18.00-ден бастап Абай облысы бойынша барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолда дизелді отынмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Құрметті жүргізушілер, ауа райы тұрақталғанша ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.
ВНИМАНИЮ ЖИТЕЛЕЙ И ГОСТЕЙ АБАЙСКОЙ ОБЛАСТИ!
В Абайской области наблюдается ухудшение погодных условий, сильные морозы до -41 градуса. В целях обеспечения безопасности, с 18:00 часов текущего дня планируется введение ограничения движения для всех видов автотранспортных средств, оснащенных дизельным двигателем, а также общественного транспорта по всем направлениям в Абайской области. Уважаемые водители, просим вас воздержаться от длительных поездок до стабилизации погодных условий.
Шығыс Қазақстан облысында көшкін жүру қаупі бар. Нақтырақ айтқанда, қауіпті аймақ деп «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнары» республикалық автожолының келесідей учаскелері айқындалды: 21-22, 59-60, 61-66, 437-438 км. Биыл облыста жауын-шашын әдеттегіден көп мөлшерде түскендіктен, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыздығы байқалуда. Осыған байланысты 21-22 ақпанда аталған автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 8:40-та республикалық маңызы бар автожолдың 436-шы шақырымында жалпы көлемі 7600 м3 болатын өздігінен қар көшкіні түскен болатын. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Бұл аймақта -40-45°С-қа дейін аяз күшейіп тұр. Тұрақсыз ауа райы қар тазалайтын арнайы техникалардың жұмысына кедергі келтіруде. Дегенмен, күннің суығына да ауа-райының қолайсыздығына да қарамастан, Шығыс Қазақстан филиалының жол қызметкерлері жол бөлігін қардан тазарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі уақытта аталған автожолдың 420-450 шақырымында көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалысқа шектеу қойылды.