Біз ана мен баланы қорғау бойынша материалдар топтамасын жалғастырамыз. Ал бүгін біз Тараз қалалық №7 емханасын мысалға ала отырып, күндізгі стационарда медициналық көмек алу туралы айтатын боламыз. Толығыраұ алдағы бейнематериалда.
Бүгінгі таңда медицинада диагноз қоюда небір диагностикалық құрылғылар, жаңа технологиялар бар десек, соның бірі – ультрадыбыстық зерттеу, яғни УДЗ . Ол– диагноз қою мен емдеу әдісін таңдауда өте маңызды рөл атқарады. Бұл жоғары деңгейде ақпарат беретін және қауіпсіз зерттеу әдісі. Ал жүктілік кезінде оны бірнеше рет жасау зиян ба? Бұл сауалға білікті мамандар жауап берді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Елімізде CST бағдарламасы бойынша ата-аналарды дамуында ерекшеліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларына оқыту бағдарламасы жүзеге асуда. Біздің өңірде де өз нәтижесін көрсетуде. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Біз ана мен баланы қорғау тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінде 5 мыңнан астам бала тіркелген № 7 Тараз қалалық емханасында педиатриялық көмек көрсету орталығы туралы айтатын боламыз. Орталықта жалпы жағдай жасалған ба? Нендей қызмет көрсетеліп келеді? Толығырақ келесі сюжетке зер салыныз.
Бүгінгі таңда ана мен баланы қолдау біздің мемлекетіміздің отбасын нығайтудағы басым міндеті болып табылады. Бұл жүйеде № 2 Тараз қалалық емханасы жұмыс істейді. Оған 68 317 адам тіркелген. Толығырақ сюжет сөйлесін.
Ұлттық мереке 25 қазан-Республика күніне орай қоғамдық құндылықтарды нығайтуға арналған «Қыран елім-Қазақстаным» жобасы аясында «Жанашыр журек» акциясы өтті. Акцияда Жамбыл облысы Аналар кенесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы жас аналармен кездесті.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабы жұмысын бастады. Ағымдағы жылдың 6 қазаны күні Астана қаласында «АМАNАТ» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық» партиясы және Қазақстанның Азаматтық Альянсы бастаған 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың ең жоғарғы органдарының жиындары өтіп, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсыну туралы шешім қабылдаған болатын.