14 Май 2025, Ср

Сентябрь 2022

КАРАВАН ПОМОЩИ ОТПРАВИЛСЯ В КОСТАНАЙ

По стране  продолжается всемерная помощь костанайцам, пострадавшим в результате  природных пожаров. Не остались в стороне и жамбылцы. Областной филиал партии Аманат взял на себя всю организационную  часть по отправке гуманитарной помощи  жителям Аулиекольского района Костанайской области.Сегодня караван  выехал из Тараза по месту назначения. 

ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КЕРУЕН АТТАНДЫ

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы тілсіз жау толығымен ауыздықталғанымен салдары жойылған жоқ. Табиғи апатты қалпына келтіру жұмыстары мен ондағы тұрғындарға гиманитарлық көмек көрсету шаралары «AMANAT» партиясы тарапынан жүзеге асырылды. Ал бүігн Қостанайға гуманитарлық керуен аттанды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Жайылым жерлермен қаматамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан облыстық прокуратурамен бірлесіп елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізілген. Еске салсақ бұл бастама Президент жолдауында ерекше аталып өткен еді. Нәтижесінде 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталыпты. Бұл жайлы баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы мәлімдеді.

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖӨНДЕЛУІНЕ 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Облыста жаңа оқу жылында 447 мектепке 237131 оқушы келіпті. Оның ішінде 1 сыныпқа келгендері 22 778 оқушы. Жаңа оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек күні 6 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Осылайша  бүгінгі күні 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы, 4 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілген.Бұл жайлы баспасөз алаңында айтылды.

ӘСКЕРИЛЕР ОҚУ-ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАДЫ

Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің дәстүрлі далалық жиыны өтті. Бір ай көлемінде барлаушылар полигонда өз міндеттері бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Осы уақыт аралығында жас әскери қызметшілер әскери барлау жүргізуде тәжірибе жинақтаса, ал тәжірибелі әскерилер біліктіліктерін шыңдады.    

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Президент жолдауынан туындайтын міндеттер тиісті жауаптыларға жүктелді. Сөздің басын жолдаудан бастаған аймақ басшысы жіліктеп, жіктеп,әр басқармаға жұмысын нәтижелі жасауды тапсырды. Жер мен жол мәселесі, аймақтағы білім нысандарының жылыту маусымына дайындығы да назардан тыс қалмады.

«AMANAT»: СЫН САҒАТТА КӨМЕКТЕСУ – БАСТЫ ПАРЫЗ

Қостанай облысында болып жатқан өртке байланысты «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашты. Осылайша, қазақстандықтар табиғи апат кезінде ынтымағы мен бірлігін танытты. Біздің өңір де игі істен қалыс қалмады. Толығырақ алдағы сюжетте.

КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ұлттық ат спорты түрлері федерациясының кубогына арналған көкпардан ересектер арасында республикалық турнир өтті. Толығырақ сюжет сөйлесін.

ПОЛЕВАЯ ВЫУЧКА РАЗВЕДЧИКОВ

На полигоне «Матыбулак» в Жамбылской области завершился тридцатидневный полевой сбор разведывательных подразделений регионального командования «Юг». В течение месяца воины-разведчики в условиях полигона отрабатывали учебно-боевые задачи по своему предназначению. За этот период молодые военнослужащие получили много практических навыков, необходимых для ведения войсковой разведки, а опытные военнослужащие нарастили имеющиеся знания.