14 Май 2025, Ср

Сентябрь 2022

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында ветеринария саласында атқарылған жұмыс пен нәтижелер бағамдалды.Алдымен аймақ басшысының ескертуінен бастасақ.Қаланың тазалығын сақтау мақсатында жолға қойылған 2 айлық сенбілікке кейбір сала мен мекеме қызметкерлері қатыспай жүр.Облыс әкімі оларға ескерту жасалғанын айтып,тиісті басқарма басшыларына қадағалауды тапсырды.Сондай-ақ, енді тал дарақ әктелмейтін болады. Осындай өзгерістерден кейін ветеринария басқармасының басшысы баяндама жасады.Расында, аймақтағы бұралқыларға қарсы жасалып жатқан шара көңіл көншітпейді.Тіпті,басқарма басшысы атап көрсеткен бірқатар аудандар жоспарды орындамаған.Толығырақ тілші тарқатады.

ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫ АЗАЮДА

Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға бүгінде Жұмыспен қамту орталығы қызмет көрсетуде. Жұмыссыз жүрген жандарға қол ұшын созған бұл орталықтың бүгінде тұрғындарға тигізген көмегі зор.

СЕМЕЙНЫЙ МАРАФОН

На минувших выходных в рамках празднования  Дня семьи в парке Кайрата Рыскулбекова с целью  популяризации совместного отдыха и  формирования навыков активного проведения семейного досуга, укрепления семейных взаимоотношений и активного образа жизни был проведен семейный марафон «Ынтымағы жарасқан отбасы».

ТОРГОВО-ЛОГИСТИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС ПОСТРОЯТ НА КАЗАХСТАНСКО-КЫРГЫЗСКОЙ ГРАНИЦЕ

https://www.youtube.com/watch?v=cNcllT4kQOs

Заместитель Премьер-Министра РК-министр торговли и интеграции Серик Жумангарин и аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов посетили контрольно-пропускной пункт «Карасу» в Кордайском районе, где ознакомились с проектом строительства индустриального торгово-логистического комплекса на границе Казахстана и Кыргызстана.

ПАМЯТИ МАКУЛБЕКА РЫСДАУЛЕТА

Сегодня в Жамбылской областной универсальной научной библиотеке им.Ш. Уалиханова в рамках акции «Один день с писателем» был организован вечер памяти известного журналиста нашей страны, члена Союза писателей и журналистов Казахстана, Почетного гражданина Таласского, Жуалынского районов  Макулбека Рысдаулета. В мероприятии приняли участие студенты вуза и родственники писателя. Подробности в следующем материале.

НУРЖАН НУРЖИГИТОВ ВЫСЛУШАЛ МОЙЫНКУМЦЕВ

В соответствии с Указом Главы государства «О проведении встреч акимов с населением» аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов встретился с жителями Мойынкумского района и провел прием граждан по личным вопросам. Приняли участие представители руководства областных правоохранительных органов и управлений.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ МОЙЫНҚҰМДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

МАҚҰЛБЕК РЫСДӘУЛЕТТІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін  Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   «Жазушымен бір күн» акциясы аясында белгілі Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Талас, Жуалы аудандарының Құрметті азаматы, жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулетті еске алу кеші ұйымдастырылды. Атаулы шараға жоғарғы оқу орнының студенттері мен жазушының туыстары қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.

ҚОС ЕЛ ШЕКАРАСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданындағы “Қарасу” бақылау-өткізу бекетінде болып, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында бой көтеретін индустриалды сауда-логистикалық кешенінің жоспар-жобасымен танысты.

«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ» АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Өткен демалыс күндері Отбасы күнін мерекелеу аясында Қайрат Рысқұлбеков саябағында отбасылық өзара қарым-қатынасты қалыптастырып және белсенді өмір салтын нығайту мақсатында «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты отбасылық марафоны өтті.