1 Май 2025, Чт

11 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАН ШОТ-ФАКТУРА ЖАСАҒАН ТОП ҰСТАЛДЫ

ТАБЫС КӨЗІН ТАПҚАНДАР

Таразда ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Мен өзім»бизнес-хабы жұмыс істейді. Қалалық әкімдік берген ғимаратты Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының  Жамбыл облыстық филиалы абаттандыруға көмектесті. Бүгінде орталықта қандай жұмыстар атқарылуда? Сюжет көріңіз.

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖОБАЛАР

Өңірде жастар саясатын іске асыруда ілкімді жобалар қолға алынып, бүгінде өз жемісін беруде. Оған Үкіметтік емес жастар ұйымы мен еріктілер қатарының күн санап артып жатқаны дәлел. Жұмыссыз жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар қандай? Сюжет көріңіз.

ЖАС ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк бірлесіп, «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске қосты. Пилоттық жобаға 35 жасқа дейінгі денсаулық, білім, мәдениет, спорт және журналистика саласының жас мамандары қатыса алады.Қанатқақты бағдарламаның жай-жапсары бүгін баспасөз алаңында айтылды.

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ӘСКЕРИ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕНДІ

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әскери ұрыс қимылдары бойынша бақ сынасты. Алдағы мерекеге орай ұйымдастырылған шараға арна тілшілері де арнайы қатысты. Айша бибі  ауылында өткен оқу-жаттығу жиынынан толығырақ әріптесім әңгімелейді.

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында іс-шара ұйымдастырылды.Атаулы шарада жас сақшылар ант қабылдады.Жеке құрам арасында ерекше көзге түскен қызметкерлер «Қазақстан полициясына 30 жыл» төс белгісі мен Алғыс хаттармен марапатталды.Толығырақ тілші баяндайды.

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА-30 ЖЫЛ!

Қазақстан полициясына — 30 жыл! Айтулы күн  Жамбыл облысында ерекше аталып өтті. Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты күзетіп жүрген полицейлер марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімі арнайы қатысты.

ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПОЛИЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Полиция күні мерекесіне орай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері марапатталды.Ы.Дүкенұлы  атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада үздіктер құрметке ие болды. Оларға алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды. Осы салаға көп жылдар еңбек еткен ардагерлерде назардан тыс қалмады. Толығырақ тілші тарқатады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

23 маусымда еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, кәсіби мерекелерін тойлайды. Осының қарсаңында облыста салтанатты  жиын өтті. Еңбегіне адал, өз саласының үздігі атанған бірқатар қызметкерлер марапатталды.