Тараз қаласындағы Оқушылар сарайында «Көшенің тынысы – есірткіге қарсы» ұранымен V қалалық заманауи би фестивальі өтті. Фестивальдің басты мақсаты – жастардың есірткіге тәуелділік мәселелеріне назарын аудару, сондай-ақ шығармашылық пен би арқылы салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Тараз қаласында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар аясында №3 мектеп-лицей базасында интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Сабақты Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өткізді.
15 мамыр – Қазақстанда Отбасы күні. Бұл күн отбасы құндылықтарының маңыздылығын айшықтап, мейірім мен махаббатқа, татулық пен берекеге үндейді. Алайда дәл осы күні кейбір отбасылар үшін үйдің отағасы жандарында болмай, мереке сағынышпен өтуде. Себебі олардың жақындары қазіргі таңда шетелде – Голан жоталарында бітімгерлік миссия атқарып жүр. Қазақстандық бітімгерлік контингент құрамында 139 әскери қызметші бар. Оның ішінде еліміздегі жалғыз таулы-егерлік полктың да тоғыз сарбазы бар. Бұл әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарайды.
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсы өтті. Байқау облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізілді.
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстар легі баспасөз алаңында талқыға түсті. Қоғам 2020 жылдан бері алғаш рет жеке қаржылық есептілік бойынша 2024 жылды 183 млн теңге пайдамен аяқтады. Ал, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағын құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 млрд теңгеге артып, 48 млрд теңгеден 61 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осы және өзге де ақпараттар алдағы сюжетте.
Меркі ауданында «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бойынша аудан жұртшылығымен ашық форматта кездесу өтті. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат еткен бұл жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілі Еркін Қуанышев, сондай-ақ аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысты. Кездесуге құқық қорғау органдарының басшылары, білім саласының өкілдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, ардагерлер мен жастар да белсенді түрде атсалысты.
По факту кражи скота с сельскохозяйственного предприятия, расположенного в горах на пастбище «Талды», сотрудниками полиции начато досудебное расследование по статье 188-1 УК РК «Скотокрадство». В полицию с заявлением обратился руководитель данной компании, занимающийся разведением мелкого рогатого скота.
На Жамбылской границе пресечена попытка незаконного вывоза голов крупного рогатого скота в Кыргызскую Республику. Несмотря на введённые ограничения на вывоз животных из страны, а также ужесточение требований к провозу мясной продукции через пункты пропуска, в зоне ответственности Департамента Пограничной службы КНБ РК по Жамбылской области продолжаются попытки незаконного перемещения сельскохозяйственных животных через государственную границу.
Сегодня отделом образования г. Тараза был организован форум на тему : «Сенім. Сана. Сақтық».Мероприятие проводилось в целях профилактики религиозного экстремизма и терроризма, повышения религиозной грамотности среди молодежи, что является актуальной проблемой в обществе на сегодня .
Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан объявляет о старте двух новых стимулирующих акций: «ТРЕБУЙ ЧЕК — ВЫИГРАЙ ПРИЗ!» и «БӘЙГЕ». Цель этих инициатив – повысить уровень соблюдения кассовой дисциплины, снизить теневую экономику, а также активизировать гражданскую позицию и укрепить правовую культуру потребителей.