В преддверии 7 мая- Дня защитника Отечества, в Таразе состоялось торжественное собрание, ставшее ярким выражением признательности и уважения к тем, кто стоит на страже безопасности и суверенитета нашей Родины. Почетным гостем мероприятия, прошедшего в центральном концертном зале Баласагун стал аким Жамбылской области Ербол Карашукеев.
Таразда бүкіл ел Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатыр. Осы кезеңде жауынгерлерге тағзым етіп, ерлікті құрметтейтіндердің қатарында соғыс тауқыметін өз бастан өткергендер де бар. Олар – Ауған соғысына қатысқан ардагерлер. Солардың бірі – генерал Әлімжан Ерниязов.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға ішкі істер органдарының ардагері Иван Макеев арнайы шақырылды. Ол өмірінің ең жарқын жылдарын елге қызмет ету мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнаған. Толығырақ алдағы сюжетке зер салыңыз.
Бүгін Тараз қаласында ерекше мағынаға толы маңызды іс-шара өтті. «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «80 жылдық Ұлы Жеңіс және Батыр Бауыржан» атты жиын ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға тиісті басқармалар мен ведомстволардың өкілдері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін ұйымдардың мамандары қатысты. Күн тәртібінде өңір үшін өзекті үш мәселе қаралды. Ол теміржол қауіпсіздігі, республикалық автожолдардың жағдайы және газбен қамту мәселелері жайлы болды.
Тараз қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында ел қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғап жүрген жандарға құрмет білдіретін салтанатты жиын өтті. Іс-шара Баласұған орталық концерт залында ұйымдастырылды. Салтанатты шараның құрметті қонағы – Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев болды.
Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде орын алған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Оның тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына байланысты өңір тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылып, су жағасындағы демалыс орындарында патрульдік жұмыстар күшейтілуде.
Таразда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Құмшағал ықшам ауылындағы №56 орта мектепте іс шара өткізілді. Шара ардагерлердің ерліктерін насихаттау мақсатында жүргізілді. Іс шараға мектептің ардагер ұстаздары, білім бөлімінің мамандары қатысты.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тараз қаласында Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Сәкен Ермекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизоны әскери қызметшілерімен кездесті. Ол Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадада болды. Айта кетерлігі, бұл кездесу тексеру мақсатында емес, сенімді әңгімелесу мен кеңес беру көмегін көрсету үшін ұйымдастырылды.