Тараз қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған Тараз жастар театры студиясы алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды. Қойылымды Тараз қаласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындарымен бірге тамашалады. Толығырақ алдағы сюжетте.
Жамбыл облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың 4 айында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Алайда жол-көлік оқиғалар саны көбеймесе, азаяр емес. Яғни орын алған апаттар көрсеткіші 19,8% құрады. Ал дене жарақатын алғандар 20,5% көрсетті. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында жауапты мамандар мәлім етті.
Жамбыл облысының Қаратау қаласы мен Талас ауданының 85 тұрғыны алдағы он күнін оқу-жаттығу жағдайында өткізеді. Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының ұйымдастыруымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу басталды. Буган қоса Жаттығу облыс әкімінің жалпы басшылығымен өтуде.
Жамбыл облысында 2025 жылғы жаз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Өрт қауіпсіздігі, балалардың жазғы демалысы және су айдындарындағы тәртіпке баса мән беріліп, алдын алу жұмыстары күшейтілді.
Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпбейінді орталығында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында маңызды қадам жасалды. Орталық директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен заманауи әрі тиімді диагностикалық әдіс – экспресс-гистологияны клиникалық тәжірибеге енгізу жұмыстары қолға алынды.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Маңызды шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалының басшылығы, кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен Талас және Шу аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын өңірдің мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелеріне арналды.
Ғасыр Белесі Алдындағы Өнер Сапары: Ұлттық Театр Таразда! 20-23 мамыр аралығында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының сахнасында тараздықтар қазақ ұлттық драма театрының репертуарынан үздік спектакльдерді тамашалай алады. Атақты актерлер мен театр басшылығы брифинг барысында осы 3 күндік гастрольдердің қаншалықты бай болатынын айтты.
Бүгін, Мәдениет қызметкерлері күніне орай, Байзақ ауданындағы көркем табиғатымен танымал «Достар» демалыс аймағында салтанатты шара өтті. Бұл мереке мәдени мұраны сақтау мен оны дамыту жолында қажырлы еңбек етіп жүрген өнер қайраткерлерін, саланың ардагерлері мен жас мамандарды бір шаңырақ астына біріктірді. Іс-шараның мәртебелі қонағы – облыс әкімі болды, бұл өз кезегінде аталған күннің өңір үшін маңызды екендігін тағы бір мәрте көрсетті.
Жамбылская область усиливает меры по обеспечению безопасности в летний период 2025 года, реализуя комплекс профилактических и оперативных мероприятий, направленных на предотвращение пожаров, повышение уровня безопасности детей и предупреждение несчастных случаев на водоемах.
В Жамбылском областном многопрофильном центре онкологии и хирургии сделан важный шаг в направлении повышения качества онкологической помощи. По инициативе директора центра Жандоса Сейдахметова начата работа по внедрению в клиническую практику современного и эффективного диагностического метода – экспресс-гистологии.