3 Сен 2025, Ср

Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

https://t.me/c/2484261681/242

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

♻️ Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды.

✅ Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.

✅ Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАҚЫЛАУДА

https://www.instagram.com/p/DIah8gfNdr8/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыстық мәслихат төрағасы мен облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы Қызылорда қаласындағы нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
Алдымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы мен “Өнер орталығына” барды. Жаңа терминалға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал, 1000 келушіге арналған “Өнер орталығы” былтыр пайдалануға берілді. Зәулім ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізілуде.
«Жаңадария», «Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы көпірлерді қайта жаңғырту қарқын алған. «BSJ инжиниринг» ЖШС «Жаңадария» каналындағы көпірді жаңғыртуда.

Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1167290514777513&id=100044897252932&rdid=W52zhgMw3kBqMwfM

 

Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 30,9% әйелдер атқарады.
Қоғамның қай саласын болсын, әйелдер қауымынсыз елестету әсте мүмкін емес. Белсенді қыз-келіншектер билікте де, бизнесте де ер азаматтармен қатар иық тірестіріп, табысты еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, нәзік жанды арулар сайлаушылардың да сеніміне ие болып, жергілікті мәслихаттың мінберлерінен маңызды мәселелерді көтеріп жүр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің 47,2% (1992 адам) үлесін әйел азаматтары құраса, оның басшылық лауазымдағы 30,9%-ды (350 адам) құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен кезеңдермен салыстырғанда едәуір ұлғайған. Мәселен, 2023 жылы 25%, 2024 жылы 25,3% құраған.
Облыс бойынша мәслихаттағы 210 депутаттың 21% әйелдерге тиесілі болса, облыстағы 4 басқарманы, 6 ауылдық округті нәзік жандылар басқарып келеді. Бүгінде 5 ауданда әкім орынбасары қызметін атқарып отырған әйел азаматтары табысты қызмет атқаруда.
Әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында гранттар мен жеңілдіктер ұсынылып, бизнес бастауға қажетті тренингтер, қаржылық және маркетингтік білім беруге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай қолдаулар арқылы қолынан іс келетін жандарды шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға баса назар аударылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесіз де емес. Мысалы, көптеген қыз-келіншектер 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасының шарапатын көріп отыр.
2025 жыл басынан бері 33344 әйел жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, оның 18128 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасып, 1688 әйел онлайн оқытуға жазылды. 1638 түлек «Жастар практикасы» бойынша еңбек жолын бастады. 365 әйел әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 6009 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Сонымен қатар, 16 әйел «Ұрпақтар келісім шарты», 896 әйел «Күміс жас», 633 әйел «Алғашқы жұмыс орны» және 2 514 әйел «Бастау-Бизнес» жобалары аясында еңбек дүбіріне араласты.
Өңірде жұмыс жасап тұрған 118621 шағын және орта бизнестің 48%-ын нәзік жандылар басқаруда.
Гендерлік саясатты қолдау мақсатында, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған Әйелдер қанаты нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Сонымен бірге, облыста әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, әйелдер құқығын арттыру және психологиялық, құқықтық кеңестер беру мақсатында Тараз қаласы, Байзак, Жамбыл, Жуалы аудандарында Отбасын қолдау орталығы ашылып, өз жұмысын атқаруда. Осындай орталықтар жыл соңына дейін барлық аудандарда ашылатын болады.
Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта жүйелі жалғасын табады.

ОБЛЫСТА СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ БАҒАСЫ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА ТӨМЕН

https://www.instagram.com/p/DF4ewh9t2oZ/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Бүгінге дейін аймақта сұйытылған газ бағасы 65-75 теңгеден сатылды. Жалпы, Қызылорда облысында бірқатар өңірлермен салыстырғанда сұйытылған мұнай газының бағасы төмен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев мәлімдеді.
Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, республикада сұйытылған мұнай газдың бағасы көтерілді. Жаңа түзетулерде облыс бойынша газ бағасы 90 теңгені, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 95 теңгені құрайды.

«Жыл басынан бастап әкімдік тарапынан бірнеше рет операторлармен мәжіліс өткізіліп, келісімге келдік. Біріншіден, қаңтар айында алынған газ ескі бағамен сатылуы керек. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ақпан айы басталғаннан-ақ көтерілген бағамен сатуда. Дегенмен, өндіруші зауыттарда газдың бағасы 15 пайызға қымбаттауына байланысты, операторлар өз кәсібіне зиян келмес үшін жаңа бағамен сататын болады. Екіншіден, шекті бағадан 5 теңгеге төмендетіп, операторлар облыс орталығында газды 1 литр үшін 85 теңгеден, ал аудандарда 90 теңгеден сатуға ұсыныс білдірді. Жалпы ақпан айына министрлік тарапынан 7300 тоннаға жуық газ бөлінді. Оған қоса, энергетика министірлігімен келіссөздер жүргізіліп, ақпан айына қосымша 2000 тонна газ көлемі бөліну жоспарлануда. Бүгінде бұл мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауында» — деді облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,8 млн. тонна болса, 2024 жылы 2,4 млн тоннаға дейін жетті. Мысалы, аймағымызда 2022 жылы сұйытылған мұнай газын тұтынатын 7 290 автокөлік тіркелсе, 2024 жылы 35 690 автокөлік тіркелген, яғни газ тұтынушыларының саны 5 есеге артқан. Одан бөлек, сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 63-65 мың теңгені құрайды. Ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 51 932 теңге деңгейінде белгіленген.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

https://www.instagram.com/p/DFsI4hgt98J/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев адал еңбектің үлгісін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ардақты ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады. Осы жолғы басқосу құрылыс саласының ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Жәнәбіл Нұрқыштың 90 жасқа, Жалағаш аудандық ардагерлеркеңесінің төрағасы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы,  «Құрмет» орденінің иегері Садық Әлиевтың 85 жасқа және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарымен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы,  «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нәжмедин Мұсабаевтың 75 жасқа толған мерейтойларының құрметіне арналды.
Аймақ басшысы  Сыр жұртшылығы атынанқұттықтау лебізін жеткізді.
«Біз Сырдың қасиетті топырағында дүниеге келіп, елге қалтқысыз қызмет еткен аға буын өкілдерін ұлықтауды, олардың жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырдық.
Үлкендеріміз ел іргесінің сөгілмеуін, өскелең ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды бірлікке үндеп келеді.  Ағаларымыз  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.
Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін  құнды! Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын!», – дедіН.Нәлібаев.

ЖОЛ САПАСЫНА ЕРЕКШЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛЕДІ

https://www.instagram.com/p/DFsCtaqtBnc/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін облыс әкімінің мәжілісінен кейін қала әкімі Нұржан Ахатов арнайы жиын өткізіп, жол сапасына қатысты мәселелерге талқылау жасады.

— Өздеріңізге белгілі, өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен қаладағы жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамыды. Бөлінген қаражаттарға жол құрылыстары жүргізіліп, қайта жаңғыртылды. Көшелер күрделі және орташа жөндеуден өтті. Осылайша тұрғындарымыздың қолайлы өмір сүруіне қажетті жағдай жасалды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады. Біздің міндет – салынған және алдағы уақытта жөнделетін жолдарымыздың сапасын қатаң бақылауға алуымыз қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында шаһар басшысы жоспарланған және алдағы уақытта құрылысы басталатын жобалардың сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтуді тиісті сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.

6, 7 ақпан күндері “Көктем-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

https://www.instagram.com/reel/DFo39pStMN7/?igsh=M3pkZTl0MXJ0dnA2

Бұл іс-шараның мақсаты — Қызылорда қаласы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс- қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау.

МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

https://www.instagram.com/p/DFkPgTdumXG/?utm_source=ig_web_copy_link

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобалар және күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты екенін, су тапшылығына қарамастан күріштен мол өнім жиналғанын атап өтіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Биыл да барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейту керек. Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының соңғы жылдардағы төмендеу тенденциясын ескеріп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Инвестиция көлемін 10 пайыздық өсіммен меже бекітіңіздер. Жоспарланған жобалардың барлығын мерзімінде жүзеге асыруды және іске қосуды қамтамасыз етіңіздер. Өңірдің шикізаттық қорын, қолда бар ресурстарды, инженерлік-инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, отандық және шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейту қажет.
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуын үйлестіріңіз. Мәселені қатаң бақылауға алыңыз.

Облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастырыңыздар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз етіңіздер.

Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.
Заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен прокуратура органдарының ұсынымдарын негізге алып келісім-шарттарды бұзу қажет ”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Дереккөз: @qyzylorda_oblysy_akimdigi